Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Промеры кобыл разных пород, см



Pdf көрінісі
бет10/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Промеры кобыл разных пород, см
Порода
Высота
в холке
Косая
длина
туловища
Обхват
груди
Обхват
пясти
158
160
187
18,0
157
160
180
19,0
21,0
183
163
161
162
160
184
20,0
Буденовская
Орловская
рысистая
Владимировская тяжеловозная
Тракененская
1.15-сурет – Жылқы тұқымдарының ӛлшемдері 


27 
7
Промеры овец разных пород, см
Промер
Порода
Красноярская
тонкорунная
Куйбышевская
Асканийская
Высота в холке
69,8
65,4
68,7
Косая 
длина туловища
77,6
79,0
70,3
Глубина груди
33,5
34,5
31,8
Ширина груди
25,1
25,3
20,8
Обхват груди
102,1
104,5
100,5
1.16-сурет – Қой тұқымдарының ӛлшемдері 
Дене тұрқының индекстерін есептеумен қатар мал денесінің ӛлшемдерін 
олардың тұқым немесе аталық із не енелік ұя стандартынынан айырмашылығын 
графикалық түрде айғақтайтын дене пішімі профильдерін құруға пайдалануға 
болады. Оны құру үшін стандарт кӛрсеткіштерін 100%-ға теңеп, 
салыстырылатын малдың ӛлшемдерін (индекстерін) оған пайыздап белгілейді. 
Ӛйткені ӛлшемдердің 1 сантиметрге (1 см) тең абсолютті кӛрсеткіші әр 
мүшелер ӛлщеміндегі маңызы әр түрлі болып келеді. Мысалы, оның ӛзіндік 
маңызы жілінішік ӛлшемінде 1/20-дай болса, шоқтық биктігінің ӛлшемінде тек 
1/134-тей ғана болады. Малдың дене пішімінің профилінде оның салысытырып 
отырған тұқым не із (ұя) стандарттық орта кӛрсеткіштерінен қай мүше 
ӛлшемінің айырмашылығы қаншалықты екеніні анық кӛрінеді (1.17-сурет).


28 
1.17-сурет – Мал дене пішімінің профилі 
Малдың ішкі құрылысының кӛрсеткіштеріне қанының құрамы мен тобы, 
ішкі мүшелері мен сүт бездерінің дамуы, тері дермасының сапасы ж.б. жатады. 
Олардьң ішінде тұрақтылығы мен ерекшеленетіні – қанының құрамы. 
Сондықтан қанның құрамы бойынша малдың ішкі құрылысына үңіліп, ондағы 
ӛзгерістер бойынша ӛнімділігін болжауға болады. Қанмен мал денесіндегі 
барлық торшаларға зат алмасуына кажетті қоректік заттар мен оттегі жеткізіліп, 
алмасудың қалдықтары мен кӛмірқышқыл газы шығарылады. Қанның қатысуы 
мен организм ағзаларының гормондық реттеу жүйесі, қорғау қызметі және 
олардағы электролиттер (иондар) теңдігі сақталады. Осыған байланысты қан 
құрамы малдың ішкі ортасының тіршілігі мен дамуының айнасы деп айтуға 
болады. 
Мал түлігінің денесіндегі қанның мӛлшері әр кӛлемде болып келеді. 
Мысалы, тірілей салмағының 8,2-8,7% құрайтын сүтті сиыр қанының мӛлшері 
ет бағытындағы сиырдікінен (тірілей салмағына - 7,4-7,8%) кӛп болады. Әр мал 
басына қанның белгілі тобы тұрақты түрде тән келетіндіктен, қан тобы арқылы 
малдың шығу тегін анықтап, ал түрлі биохимиялық кӛрсеткіштері, гемоглобин 
типтері, белок фракциялары бойынша ӛнімдігін болжауға болады. Малдың ішкі 
құрылымы мен зат алмасуы жӛнінде тыныстануы (дем алуы) мен жүрек (тамыр) 
соғуынан мағлұмат алуға болады. Организмдегі зат алмасу барысын белгілейтін 
тотығу-тотықсыздану реакциялары әр түрлі жылдамдықпен жүретіндіктен, 
соған байланысты қан қысымы, тыныстануы мен жүрек соғу жиілігі де ӛзіереді.
Е.Эйдиргевичтің мәліметтері бойынша, жылдық сауымы 6000 кг сауын 
сиырдың минуттік тыныстануы 35,4, жүрек (тамыр) соғуы 75, қан кысымы 134 
мм болса, жылдық сауымы 4500 кг сиырдікі, тиісінше, 32,8; 70; 130 мм 
деңгейінде болған. Бұл ӛнімділігі жоғары малдың қан айналымы жылдам 


29 
болып, ӛкпеге ауа оттегінің жеткізілуі жоғары болуымен байланысты: 70-80% 
дәнекер, қалған 20-30% желін ұлпасынан тұратын сүттілігі мол сиыр сүт 
жолының кеңдігі 100 микрон болса, сүггілігі тӛмен сиырдікі тек 77 микрон 
болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет