33
деп бӛледі.
Салт
міністі аттардың сауыры түзулеу, дӛңгелек болғаны
дұрыс,
ша
тыр
тәріздес, салыңқы сауыр кемістікке жатады. Сербекті, бұлшық
еттері
екі бӛлек
сауыр ауыр жүк тартатын аттарда болады
Шап.
Жылқының ең соңғы бұғана қабырғасынан сербекке дейінгісі жерін
үлкен және кішкене шап деп бӛледі. Салт мінетін аттардың шабы ӛте кең келеді
және ұзын болмайды (10-12 см), жегілетін аттардың шабы ұзын болғаны дұрыс.
Шап қимылына қарап жылқының тыныстануын санауға болады. Ат тыныққан
кезде шап қимылы минутына 12-14 болса, ал шауыи немесе ауыр жұмыс істеп
алқынған аттікі 20-30 ретке жетеді. Жылқының алқынуы ӛкпе ауруына (запал)
шалдыққаннан де болуы мүмкін.
Кеуде.
Кеуденің таянышы қабырға, тӛс омыртқа мен тӛс сүйегі. Кеуденің
кендігі кӛбінесе қабырғаның ұзындығына байланысты.
Қабырға неғұрлым
иілген, имек болса, кеуде соғұрлым кең болады, ал жеткіліксіз иілсе, жылқының
омырауы тар болады. Салт міністі жылқының кеуде қуысының кеңдігі
ұзындығы мен тереңдігіне, ал ауыр жүк тартатын аттардікі кендігі мен
қабырғасының иілгендігіне байланысты. Кеудесі тар жылқының ӛкпесі мен
жүрегінің кӛлемі де кіші болады: салт мініс
аты кеудесінің кендігі мен
терендігінің катынасы 52%, желгіш аттікі 56-58%, жұмыс аттінікі 61% болады.
Иық.
Жауырын мен тоқпан жіліктен құрылатын иықтың аласа-биік болуы
жауырынның ұзындығына және еңкіштігіне байланысты. Салт мінетін және
желгіш аттың жауырыны қиғаштау және ұзын болады. Ұшқыр келетін олардың
жауырынының қиғаштығы 60% болса, ауыр жүк тартатын жылқынікі одан
тіктеу келеді.
Алдыңғы аяқ.
Алдыңғы аяқ шынтақ буыны, сан, тізе, жіліншік, тұсаулық,
бақай, құндыздық, тұяқтан тұрады. Алдыңғы сан
кәрі жілік пен шынтақтан
тұрады. Жылқының алдыңғы аяғының бұлшық еттері нашар болуы үлкен
кемістікке жатады. Алдына қарай
Достарыңызбен бөлісу: