77
Оны осылай ұйымдастыру ең алдымен мал азығының қоректілігін дұрыс
бағалауға негізделеді.
Қорытылған
қоректік
заттар
қанмен
жасұшаларға
жеткізіліп,
митохондрияларда моноқанттары алмасудың аяққы қосындылары болып
табылатын су мен кӛмірқышқыл
газына дейін ыдыратылып, 1 грамынан 4-4,5
ккал, ал майдың 1 грамынан одан 2,25 есе мол, яғни 9,1-9,3 ккал энергияға
(жылуға) айналса, рибосомоларда тұқымдық ақпарат беруші ДНҚ бақылауымен
аминқышқылдарынан мал денесі мен ӛнімінің белогы түзіледі. Қажетті болған
жағдайда оларда жартылай (зәрлікке дейін) ыдыратылып, 1 грамында
жинақтаулы 5-5,5 ккалориядан 4-4,5 ккал энергия босатады.
Қорытылған қоректік заттардың ӛнімідік әсерін,
олардың алмасуын
анықтауға мүмкіндік беретін кӛрсеткіш, яғни индикаторлық, элементтер
балансы бойынша бақылауға болады. Азоттың
балансы бойынша протеин
алмасуын анықтайды:
Азық N = Тезек N + Зәр N + Байланған N
Азықпен енген азот мӛлшері тезекпен және зәрмен шыққан мӛлшерінен
асып, ол денеде байланған жағдайда, оны оң (+) азоттық теңдік дейді. Бұл ӛсіп
келе жатқан тӛл денесінде орын алады. Сақайған мал басының денесінде
азоттық теңдік, яғни оның нӛлдік (0)
балансы орын алады, ал салмақ қосымы
май байлау арқылы орын алады. Кәрі мал денесінде ыдыраушылықтың
(анаболизм) салдарынан теріс (–) азот балансы орынайды.
Кӛміртегі балансы бойынша май алмасуын анықтайды:
Азық С = Тезек С + Зәр С + Тыныстану С + Ішек газы С +
Байланған N
Ақуыздағы азоттың орташа кӛлемі 16,67%, ал бұлшық еттегі ақуыз кӛлемі
23,2%
болғандықтан, байланған азот мӛлшері бойынша түзілетін белок пен
қосылатын бұлшық ет мӛлшерін есептейді. Ақуыз құрамында 52,5%, ал май
құрамында 76,5% кӛміртегі
болатындықтан, кӛміртегі балансы бойынша оның
түзілген ақуызға жұмсалған мӛлшерін алып тастап,
қалғанынан қанша май
түзілетінін есептейді. Сӛйтіп осы екі элемент балансы бойынша азықтың ет пен
май түріндегі ӛнімдік әсерін біледі.
Мал азығының қоректілігін бағалауда әр елде әр түрлі ӛлшемдер
қолданылып келеді. Біздің елде азық қоректілігінің ӛлшемі ретінде О.
Кельнердің тәжиірибелік деректеріне негізделген сұлы азық ӛлшемі (с.а.ӛ.)
қолданылады. 1 с.а.ӛ. ретінде 1 кг сұлы дәнінің бордақылаудағы сақа ӛгіз
денесіндегі 148,8
⋲
150 грамға тең май байлауы (сақа мал денесінде азот
балансының теңдігі орнығатындықтан) түріндегі ӛнімдік әсері алынған.
О.Кельнердің тәжірибелерінің бірінде ӛгіз денесіне желінген жемшӛппен
енген 186,46 г азоттан 179,24 г тезек және зәрмен шығарылған; 574,5 г
кӛміртегінен 4891,9 тезек, зәр
және ішек газымен шығарылған; демек, денеде