Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет23/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

1.3.3. Азық күлін анықтау

Азықтың анорганикалық, яғни минералды бөлігі күл құрамына кіреді. Оның құрамындағы биологиялық маңыздылары макро- (Са, Р,К,Na, Mg, S, CI) және микроэлементтерге (Fe, Си, Mn, Zn, Co, I) жатады. Күлін органикалық бөлігінен ажырату үшін азық үлгісінің сынамасын муфель пешінде 450-500°С-та біртіндеп, бықсытып жағады. Жағу барысында ұшпалы фосфор, күкірт және сілті металл, хлорлы қосылыстарын сақтау үшін, бұл элементтерге бай протеинді және крахмалды азық сынамасына (жем, картоп, т.б.) 1 г үгілген аммоний нитратын араластырады.


Жаққаннан кейінгі қалдықты "шикі"күл деп атайды, өйткені оның құрамында минералдық элементтермен қоса жанбайтыншаң, тозаң, құм секілді бөгде қосындылар да қалады.
Қажетті құрал-жабдықтар: муфель пеші, фарфор тигельдер, металл шымшуыштар, эксикатор, аналитикалық таразы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет