Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет29/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

1.3.8. Азықкаротинін анықтау

Каротин - А дәруменінің өсімдіктегі бастапқы түрі. Майда еритін пигмент болғандықтан, оның мөлшерін мұқият пайдаланған азық үлгісінен органикалық еріткішпен ерітеді де, экстрактінің реңқоюлығын колориметрлеу (бояу қаныққандығын өлшеу) жолымен анықтайды. Колориметрлеуді азық экстрактының реңін екіхромқышқылды калий неазобензолдан әзірленген ұзақ мерзім бояуын сақтайтын тұрақты ерітінділер шкаласымен салыстыру немесе оптика­лық тығыздық көрсеткішін фото-электро-колориметрлеу арқылы жүргізеді.


Азық үлгісін органикалық еріткішпен өндегенде каротинмен қоса хлорофилл, ксантофилл, ликопин, криптон, ксантин секілдібояғыш пигменттер де еритіндіктен, экстракты олардан адсорбент, яғни сол қосындыларды беретін алюминий, магний не кальций тотығынан өткізу арқылы тазартады.
Реактивтер мен құралдар: Сусыз (ылғалдылығы 10-12%) қышқыл натрий, алюминий не магний тотығы, авиабен-ашбекзол, петролдік эфир, этил спирті, дистилденген су, МРП -1диірмені, қалың шыны не қыздырылған құм, диаметрі 2-4 смтүтікшесі, келсабы бар фарфор келі, 100 мл-лік межелі цилиндр, 50-мік бюретка, 100, 200, 250 мл-лік өлшеуіш колбалар.
Алдымен тұрақты ерітіндіні 14,5 мг химиялық таза кристалды азо-бензолды 100 мл 96% этил спиртінде (1 мл =0,00235 мг каротинге) немесе 720 мг екіхромқышқыл калийді 1 л суда (1 мл = 0,00416 мг каротинге) ерітіп, содан кейін азық үлгісін әзірлейді. Ірі азықты турап, араластырып, әр жерінен 4-5 г алады; оның 1-2 г конустық колбаға салып, 30-40 мл бензин не петролдік эфир құяды да, тығындап, мұқият араластырып қараңғы жерге бір тәулікке қояды. Шырынды азықты майдалап, мұқият араластырады да, әр жерінен 5-10 г алады. Одан 2-5 г фарфор келіге салып, сусыздандыру үшін 5-10 г күкірт қышқыл натрий қосып, құммен не майда шынымен ысқылап, үгітеді.
Адсорбциялық бағанды толтыру: Аллин түтікшесінің тар жеріне мақта тығып, 5-6 см алюминий не магний тотығын себеді де, шыны таяқшамен нығыздайды.Үстін мақтамен жауып, 1 см сусыз күкіртқышқыл натрий себеді.
Анықтау барысы.1. Ірі азық үлгісінің бензиндік экстрактын келесі күні адсорбциялық бағанға (Аллин түтікшесіне) құйып, әлсіз вакууммен сорғызып сүзеді; тұнбаны бірнеше мәрте бензинмен жуып, адсорбциялық бағанға ауыстырады да, ағып шығатын ерітінді түссіз болғанға дейін бензинмен шаяды;.
2. Шырынды азықтың ұнтақталған үлгісін адсорбциялықбағанаға ауыстырып, үстін мақтамен жабады; оның үстінде үнемі бензин қабатын сақтай отырып, аққан тамшы түссізденгенше шаяды;
3. Ерітіндіні цилиндрмен өлшеп, бояу реңін колориметрлейді;
4. Ерітінді реңі басым болған жағдайда үстіне тағы бензин қосады. Ол үшін 25 мл ерітіндіні 50 мл-лік өлшеуіш колбаға құйып, бензинді сол көлемге жеткізеді; каротин мөлшерін (А, мг/кг ):
а) Дюбоско колориметры қолданғанда —тұрақты ерітіндінің биіктігі (һ, мм), зертеулі ерітіндінің биіктігі (һһмм), 1 мл тұрақты ерітіндідегі каротин мөлшері (азобензол К - 0,00235, бихромат К = 0,00416) мен азық сынамасының салмағы (М, г)бойынша келесі формуламен есептейді: A = (һ. V.K.1000) : Һ1.М, мг/кг
б) ФЭК-М фотоэлектроколориметрін қолданғанда —1 мл тұрақты ерітіндідегі каротин эквиваленті (К = азобензолда 0,00235, бихроматта 0,00416), бастапқы ерітіндінің колибрлік қисығымен табылған эквиваленттік мөлшері (V) меназық сынамасының салмағы(М, г) бойынша келесі формуламен есептейді: А =К. V. 1000 : М, мг/кг




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет