Көміртегі балансы бойынша мал денесіндегі майды есептейді:
Азық С = Тезек С + Зәр С + Тыныс С +Ішек газдары С + Байланған С
Мал денесінде көміртегі құрамында 52,54% С бар белокта жене 76,5% С бар майда байланады.
Мал организіміндегі зат алмасу барысында өтетін химиялық өзгерістерімен қоса энергия өзгерісі жүреді. Бұл біртұтас үрдістің екі қыры. Сондықтан организмдегі өзгерістерді сипаттау үшін энергия балансын да зерттейді. Ол үшін респирациялық тәжірибе өткізіп, азық пен экскреттер үлгісін калориметрде оттегілік ортада жағып, жалпы (брутто) энергиясын анықтайды. Күйісті мал зәрімен қорытылған энергияның 2,5%-дан (жем, тамыртүйнектермен азықтандырғанда) 10%-ға дейін (көк шөп, пішен, сүрлеммен азықтандырғанда), ал шошқа зәрімен - 4% шығарылады.
Ішек газдарымен шығындалатын энергия мөлшері мал түлігінің ас қорыту ерекшелігі мен желінген жемшөп құрамына байланысты өзгереді. Шошқа мен құста аз болғандықтан, іс жүзінде есептелінбесе, күйісті мал мен жылқы үшін олар жалпы азық энергиясының жем мен тамыржемістілер жегізгенде - 5%, көкшөппен сүрлем жегізгенде - 10%, ірі азық жегізгенде 15% құрайды. Орташалап алғанда, күйісті малазығының қорытылған энергиясының 11% метанмен, ал18-20% зәр және метанмен шығарылады деп есептелінеді.
Қорытылғанэнергияның бір бөлігіжылуға жұмсалады.Оның мөлшері денедегі алмасу үрдісі мен қоректік заттар игерілуіне байланысты болады. Желінген азық қорытылуы мен игерілуіне жұмсалатынэнергия шығыны оның мөлшеріне сәйкес өседі. Құрғақ затының 1 кг-на шығындалатын энергия мөлшері желінген азықтың мал мұқтаждығы мен қорыту ерекшелігіне сәйкестігі, жұғымдылығымен таразыланып солай болған жағдайда, орташа есеппен, күйісті мал қоректенуінде – 1000, құс қоректенуінде – 1060 ккал құрайды.
Алмасу мен тіршілікті қамтамасыз етуге жұмсалатын жылу энергиясы мал түріне, салмағы мен атқаратын жұмысына тәуелді өседі. Демалған малда өндірілген алмасу энергиясы жұмыс атқарған малдікінен төмен болып, оның өндірілуі сыртқы орта жағдайы (ауа температурасы, ылғалдылығы, тазалығы) оңтайлы болса азаяды. Өндіріс жағдайында алмасу үрдісіне 500 кг-дық сиыр – 8400 ккал, 50 кг-дық қой – 1450 ккал, 200 кг-дық шошқа – 4400 ккал энергия жұмсайды.
Қазіргі кезде қолданылатын азықтың жалпы, яғни бүкіл органикалық затының қоректілігін бағалау тәсілдері мал денесіндегі зат пен энергия балансына негізделген. Олардың қатарына Германиядағы Кельнердің крахмалдық теңеулері мен кейіннен қабылданған нетто-энергиясы, Скандинавия елдеріндегі скандинав азық өлшемі, АҚШ-тағы Армсби термдері, ТМД мен Қазақстандағы сұлы азық өлшемі мен алмасу энергиясы жатады.
О.Кельнер (1905) қоректілікті 100 кг азықтың майбайлау мөлшеріне парапар крахмал килограммымен, яғни крахмалдық эквивалентімен бағалауды ұсынса, Г.Армсби (1915) физиологиялық пайдалы энергиядан дене жылуына жұмсалған энергияны алғанда қалатын таза өнім энергиясының 1000 килокалориясына тең нетто-энергия терммен бағалауды ұсынды. Скандинав азық өлшемі ретінде 1915 ж. Копенгагенде өткен съезде Даниядағы Фиордтың, Швециядағы Гансонның ұсынысымен 1 кг арпа дәні немесе 1,1 кг тамыржемістілер құрғақ заты немесе қоректілігі 1 кг арпаға (0,7 крахмалдық эквивалентке) парапар кез келген басқа азық мөлшері алынған.
1-тапсырма.Кестеде келтірілген респираторлық тәжірибе нәтижесібойынша азықтардың өнімдік әсерін есептеңдер.
Алмасу көрсеткіші
|
Индикатор элементі
|
Азот
|
Көміртегі
|
1. Азықпен енгені, г
|
305
|
5050
|
2. Денеден шыққаны:
- тезекпен, г
- зәрмен, г
- сүтпен, г
- тыныстанумен, г
- шек газдарымен, г Барлығы, г
|
85
|
1400
|
110
|
200
|
96
|
1340
|
-
|
22
|
-
|
1780
|
291
|
4940
|
3. Денеде байланғаны, г
|
+ 14
|
+ 110
|
Желінген азықтың өнімдік әсері, г
Есептеу көрсеткіші
|
мәлімет
|
1. Байланған азоттан түзілетін белок
|
|
2. Түзілген белок қүрамына кірген көміртегі
|
|
3. Түзілген белоктан пайда болатын бұлшықет
|
|
4. Май түзілуіне қалған көміртегі
|
|
5. Қалған көміртегінен түзілетін май
|
|
2-тапсырма. Бордақылаудағы екі топ өгізшемен жүргізген тәжірибе деректері бойынша орташа тәуліктік салмақ қосымын есептеңдер.
Азот пен көміртек алмасуының көрсеткіші
(бір басқа тәулігіне г есебімен)
Алмасу көрсеткіші
|
Азот
|
Көміртегі
|
I
|
II
|
I
|
II
|
1. Азықпен енгені
|
430
|
380
|
5750
|
4560
|
2.Денеден шыққаны:
|
|
|
|
|
|
- тезекпен
|
130
|
110
|
1470
|
1110
|
- зәрмен
|
280
|
256
|
310
|
250
|
- тыныстану, ішек газымен
|
-
|
-
|
3270
|
2890
|
3-тапсырма. Сиыр жеген азықпен 42356 ккал еніп, тезекпен 11049 ккал, зәрмен 1232 ккал, метанмен 3323 ккал, сүтпен 7841 ккал шығарса, қорытылған және алмасу энергиялары қанша болады. Олардың мөлшерін жалпы азық, энергиясының мөлшеріне қатысты пайыздаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |