29
микроорганизмдер грамм теріс бактерияларға қарағанда өтке аз төзімділікті
көрсететіні дәлелденген. Яғни өтке төзімділік организмге де байланысты екен
[61].
Бифидобактериялардың ісікке қарсы тұру қабілеті де біршама маңызды
екені сөзсіз.
Соңғы жылдары таралуы жөнінен канцерогенді аурулардың ішінде рак
(еркектерде) және емшек рагінен (әйелдерде) кейін екінші орын алатын, тік
ішек рагімен тығыз байланысты аурулар көптеп етек алуда.
Мұнда тамақтану
рационы маңызды рөл атқарады. Етті тағамдарды, майға бай өнімдерді, төменгі
құрамды
өсімдік
ұлпаларын
жиі
қолдану
кезінде
патогенді
микроорганизмдердің саны көбейіп, бифидобактериялардың аз мөлшерімен
сипатталатын эндогенді микрофлора өзгеріске ұшырайды. Мұндай өзгерістер β-
глюкуронидаза, азаредуктаза, уреаза және нитроредуктаза сияқты фекальды
ферменттердің құрамының өсуімен қатар жүреді. Бұл ферменттер
проканцерогендерді
канцерогендерге айналдырады, осылайша тік ішек рагінің
пайда болу мүмкіндігін азайтады.
Пробиотикалық микроорганизмдер рак ауруларынан қорғайтын және
оның дамуын алдын алатын қабілетке ие деген болжам бар.
Бифидобактериялар Tryp P-1, Gly P-1 канцерогенді заттарды адсорбциялауға
қабілетті. Мысалы, мұндай қасиет ДНҚ-ны канцерогендермен зақымданудан
қорғайтын
B.longum, B.breve
бактерияларында көрсетілген.
Бифидобактериялар организмде иммунореттеуші ретінде де жетекші
орын алады. Соңғы жылдары бифидобактериялардың иммунореттеушілік
қасиеті жөнінде жеткілікті білім тәжірибесі жинақталды.
Зертхана
жануарларында жүргізілген тәжірибелер бифидобактериялардың әртүрлі
қызмет атқаратын қалыпты микрофлораға әсер етпейтінін көрсетті. Индигенді
микрофлора – тағаммен қабылданатын микроорганизмдер антигендеріне қарсы
тұрушылық қорғаныс қызметін атқарушы ішектің маңызды бөлшегі.
Адам организміндегі ауру кезінде иммундық жүйенің депрессиясы және
инфекция ошағына қарамастан микробиоценоздың бұзылуы көрініс табады.
Бифидобактерия негізіндегі пробиотиктерді қолдану инфекцияны емдеу кезінде
тек қана микробиоценозды қалпына келтірмейді, иммунитет деңгейлерінде оң
көрсеткіш береді.
Бифидобактериялардың антимутагенді белсенділігіне тоқталар болсақ,
мутация ДНҚ зақымдануының нәтижесі екені белгілі. Оны алдын-алудың
маңызды шарты - ДНҚ репликациясы үрдісін немесе репарация жүйесін
бақылау. Мұндай бақылаудың 3 механизмі бар: 1)
ДНҚ репликациясының
нақтылығының жоғарылауы; 2) ДНҚ репарациясының реттелуі; 3) репарация
жүйесінің қателерінің төмендеуі [62].
Антимутагенді қасиетке сүт қышқылды өнімдердің құрамына кіретін
бифидо-және лактобактериялар ие. Сонымен қатар дисмутагенді белсенділіктің
кең спектріне тек бифидо-және лактобактериялардың клеткалары ғана емес,
олардың метаболиттері де ие екені белгілі. Антимутагенді әсер
өсіндінің өзіне
және мутагеніне байланысты. Мутагендер мен канцерогендер бос
30
радикалдардың
ДНҚ–ны
бөлшектеуіне
немесе
ДНҚ-полимеразамен
байланысуға кедергі келтіре отырып, антиоксиданттарды тежейді. Бифидо-және
лактобактериялардан тұратын сүт қышқылды өнімдерді қолдану мутагендердің
алғы затын мутагендерге айналдыратын β-глюкозидаза, β-глюкуронидаза,
нитратредуктаза, азаредуктаза және α-дигидроксилаза деңгейінің төмендеуіне
әкеліп соқтырады.
Пробиотикалық бактериялар антиоксидант бола отырып, микроорганизм
клеткасын бос радикалдардан қорғайтын глютатионның миллимолярлы
концентрациясын қоректік ортаға бөліп шығарады.
Сонымен қатар, антиоксидантты және
антирадикалды белсенділікке
супероксиддисмутаза, каталаза және пероксидаза ферменттері де ие.
Қан сарысуындағы холестерин мөлшерінің жоғарылауы жүрек-қантамыр
ауруларының пайда болу мүмкіншіліктерін жоғарылатады. Xiao J.Z. және
басқалары
бифидобактериялардың
штаммдарын
қолдану
сарысудағы
холестериннің төмендеуін белсендіретінін көрсетті. Бірақ бұл әрекеттің
механизмі соңына дейін зерттелмеген. Өт гидролазының өндіретін тұздары қан
сарысуындағы холестерин деңгейінің төмендеуіне жауап береді [63].
Осыған қарамастан преципитация жолымен in vivo жағдайында
бифидобактериялармен холестеринді жою механизмі жасалынды.
B.breve
-дің
холестеринге әсерін зерттеу кезінде қоректік ортада өскен клеткалар
холестеринді жоюға қабілетті екені де дәлелденді.
Tahri және басқалары
Bifidobacterium spp.
-ні холестерол бар pH – 5.4
төмен ортада өсіру кезінде бифидобактерияның клеткалық сығындысында
холестерол табылмайтынын көрсетті [64].
Ал Dambekodi
және Gilliland холестеролды
B.longum
клеткалық
қабырғасының беткі қабатынан тапқан [65].
Достарыңызбен бөлісу: