Омарова аккенже бердихановна



Pdf көрінісі
бет32/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   96
Байланысты:
Диссертация

 


49 
2
 
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР 
 
 
2.1 Материалдар мен зерттеу әдістері 
Бұл ғылыми жұмыста зерттеу нысандары ретінде № 1734/ГФ4 «Түйе, 
бие және ешкі сүті негізінде сүт өнімдеріне арналған ашытқыларды әзірлеу» 
(Тіркеу нөмері 0115РК01076) жобасы аясында Қазақ ұлттық аграрлық 
университетінің, 
«Биологиялық 
қауіпсіздік» 
кафедрасына 
қарасты 
«Микробиоценоз 
және 
пробиотиктерді 
құрастыру» 
ғылыми-зерттеу 
зертханасында бөлініп алынған сүт қышқылды бактериялары, ашытқы 
саңырауқұлақтарының штаммдары қолданылды (Қосымша А). 
2014 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Микробиоценоз 
және пробиотиктерді құрастыру» зертханасында бастау алған ғылыми жұмыс 
Чехия мемлекеті, Прага қаласындағы «Жаратылыстану ғылымдары 
университеті», «Микробиология, тағамдану және диетология» кафедрасының 
зертханасында, Чехия ғылым академиясы, «Жануарлар физиологиясы және 
генетикасы» зертханасында және Шығыс Финляндия Университетінің 
«Қоғамдық денсаулық сақтау және клиникалық тамақтандыру институтында» 
өз жалғасын тапты. 
Зерттеу жұмысында қолданылған шұбат, қымыз және түйе сүті, құрт 
сияқты дәстүрлі сүт өнімдерінің үлгілері Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, 
Жамбыл, Қызылорда облысы маңында орналасқан шағын өңірлерден жиналды.
2016 жылдың 20-27 шілде аралығында Қызылорда облысынан қарапайым 
үй технологиясымен әзірленген құрт өнімі мен Алматы қаласы маңындағы 
шағын шаруа қожалықтарының сау малдарынан жиналған қымыз, шұбат, түйе 
сүті тәрізді сүт қышқылды өнімдер сынамалары асептикалық жағдайда 
өнімдердің рН өлшеуден кейін стерильді флакондарда, мұз салынған қораптың 
ішінде Прага қаласындағы «Жаратылыстану ғылымдары университеті», 
«Микробиология, тағамдану және диетология» кафедрасының зертханасына 
тасымалданды.
Чехия мемлекеті, Прага қаласындағы «Жаратылыстану ғылымдары 
университеті», «Микробиология, тағамдану және диетология» кафедрасының 
зертханасында түйе сүті, қымыз, шұбат және құрт тәрізді сүт қышқылды 
өнімдерден бөлініп алынған 14 штамм биологиялық қасиеттерінің 
белсенділіктеріне қарай пробиотикалық өнімдер мен препараттардың негізгі 
шикізаты ретінде қолданылды
.
Молекулярлық-биологиялық 
зерттеулер 
Шығыс 
Финляндия 
университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау және клиникалық тамақтану 
институтында» және Чехия Республикасы, Прага қаласындағы «Жануарлардың 
генетикасы мен физиологиясы» зертханасында жүргізілді. 
Инновациялық орталықтың университеттік зертханасында және 
«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының ғылыми-зерттеу зертханасында 
дәстүрлі микробиологиялық, молекулярлық-биологиялық, физика-химиялық 
және органолептикалық зерттеу әдістері жүргізілді. Микробиологиялық талдау 
жүргізу үшін термостат, центрифуга, шейкер инкубатор, бинокулярлы сандық 
микроскоп, спектрофотометр, рН-метр, аквадистиллятор, автоклав, анаэростат, 


50 
су моншасы, қоректік орталар, химиялық ерітінділер, өлшемді стақандар, 
цилиндрлер, колбалар, термометрлер, ареометр және т.б. қолданылды. 
Сүт қышқылды бактериялардың морфологиялық, өсінділік және 
физиологиялық қасиеттерін анықтау үшін жалпы қабылданған (Банникова Л.А. 
және т.б. 1987) бифидобактериялар үшін (Карпушина С. Г. және т. б. 1998); 
ашытқыларға арналған (Скородумова А. М., 1964; Бочарова және т. б. 1977) 
әдістермен жүргізілді [88-91]. 
Көмірсулар мен олардың туындылары әртүрлі көмірсулар бар ГИС 
ортасында анықталды. Инкубациялау 37°С температурада 72 сағат бойы 
жүргізілді, содан кейін сұйықтықтың рН өзгерісі тіркелді. 
Физиологиялық ерітінді 0,85 г NaCl 100 мл тазартылған суда ерітілді. 1 
атм. кезінде 30 мин. стерилдеу жұмыстарын жүргіздік. Фосфатты буфер (PBS, 
phosphate buffer saline) 800 мл дистилденген суға (г) орта есеппен төмендегідей 
дайындалды: NaCl - 8.00; KCl - 0.2; Na
2
HPO
4
- 1.44; KH2PO4 - 0.24 суда еріту 
керек, HCl көмегімен pH - 7.4 дейін, дистилденген сумен 1000 мл дейін 
жеткізілді.
2.1.1 Зерттеу жұмысында қолданылған бактерия өсінділерінің қысқаша 
сипаттамалары 
Зерттеу жұмысында қолданылған бактерия өсінділері туралы қысқаша 
мәліметтер төмендегі 5 және 6 кестелерде келтірілген. 
Кесте 5 - «Микробиоценоз және пробиотиктерді құрастыру» зертханасында 
бөлініп алынған өсінділер 
Өсінділердің атауы 
Өсіндінің шығу-
тегі 
Географиялық орны 
Lb. acidophilus 05ch 
Шұбат 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан 
қаласы 
Lb. acidophilus 015k-1 
Қымыз 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан 
қаласы 
Lb. acidophilus 018k-3 
Қымыз 
Алматы облысы, Кеген ауданы 
Lb.bulgaricus 08ch-1 
Қымыз 
Алматы облысы, Кеген ауданы 
Lb. acidophilus 021 ch-4 
Қымыз 
Алматы облысы, Іле ауданы 
Lc.lactis 010k 
Қымыз 
Жамбыл облысы, Мерке ауданы 
Lc.lactis 026ch 
Қымыз 
Қызылорда облысы, Арал қаласы 
Str.thermophilus 042к-2 
Қымыз 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт 
ауданы 
T.sphaerica 034y 
Қымыз 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт 
ауданы 
T.kefir var. kumis 017у 
Қымыз 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт 
ауданы 


51 
Кесте 6 - Прага қаласындағы Жаратылыстану ғылымдары университеті», 
«Микробиология, тағамдану және диетология» кафедрасының зертханасында 
бөлініп алынған өсінділер
Өсінділердің атауы 
Өсіндінің шығу-
тегі 
Географиялық орны 
Lactobacillus helveticus 5-2M 
Шұбат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет