Омарова аккенже бердихановна



Pdf көрінісі
бет16/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96
Байланысты:
Диссертация

Жарияланымдары
Диссертация материалдары бойынша бірлескен 
авторлармен 20 ғылыми жұмыстар жарияланды, оның ішінде: 4 мақала – ҚР 
БҒМ білім және ғылым саласын бақылау бойынша Комитет ұсынған 
баспаларда; 1 мақала Scopus, Web of Science компанияларының мәліметтер 
базасына кіретін журналда; 5 жарияланым – халықаралық ғылыми 
конференциялар жинақтарында; 1 Халықаралық ғылыми-практикалық 
журналда; 5 инновациялық патент; 4 пайдалы модельге патент алынды. 
Диссертацияның құрылымы және көлемі. 
Диссертация 152 бетке 
жазылған, кіріспеден, 4 тараудан, қорытынды мен қосымшадан, 32 кестеден 
және 17 суреттен тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 115 атауды 
құрайды, оның 45 шетелдік.


14 
ЗЕРТТЕУ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАУ 
 
1.1Пробиотиктер – антибиотикке альтернатива 
Қазіргі таңда пробиотиктер антибиотиктерге альтернатива деген ұғым 
қалыптасқан. Өйткені жалпы адамзатты аурудан емдеу немесе өсу стимуляторы 
есебінде қолданылып келген антибиотиктердің кері әсерлері бар екенінде еш 
күмән жоқ. Антибиотиктерді ретсіз қолдану барысында микроорганизмдердің 
көптеген антибиотиктерге төзімділіктері қалыптасқан, сонымен қатар 
жануарлар өнімдерінде антибиотик қалдығы ұзақ уақыт сақталып, адам 
организміне кері әсер етеді. Сонымен қатар антибиотиктер организмде барлық 
микробтарды, соның ішінде пайдалы және зияндыларды өлтіреді, соның 
салдарынан организмде әртүрлі аурулар дамиды [1]. 
Алайда, өмірде антибиотик қабылдамаған адам жоқтың қасы. Өткен жүз 
жылдықтың 40 жылдары ашылған антибиотиктер көптеген ауруларды емдеуге 
қолданылған. Бірақ, антибиотик көпшілік ойлағандай адам өміріне мүлдем 
зиянсыз емес. Олардың жанама кері әсерлері өте көп. Барлық антибиотиктерден 
асқыну дисбактериозға әкеліп соқтырады. Бұның себебі неде деген сұрақ 
туады? Антибиотик деген сөздің өзі екі латын сөзінен тұрады: «анти» - қарсы, 
ал «биос» - өмір, яғни ауру шақырушы бактериялардың тіршілігіне қарсы. 
Бірақ, ауру шақырушы микроорганизмдер мен қалыпты микрорганизмдер 
құрылысы жағынан ерекшеленбейді. Сондықтан антибиотик ауру шақырушы 
микробпен қатар қалыпты микрофлора микроорганизмдерін де өлтіреді. 
Нәтижесінде асқазан-ішек жолдарында дисбактериоз дамып, адамдар мен 
жануарлардың органдары мен жүйелерінде функционалдық өзгерістер жүреді. 
Осы проблемаға байланысты антибиотик орнына пробиотиктер 
қолданудың маңыздылығы айқындалған. Қазіргі таңда тиімділігі төмен 
антибиотиктердің орнына әр түрлі инфекциялармен күресу кезінде 
пробиотиктерді қолдану туралы мәліметтер өте көп жариялануда. Өйткені 
пробиотиктердің организмге жанама әсері болмайды. Осыған байланысты 
антибиотиктердің жақсы қасиеттеріне ие, бірақ ешқандай патологиялық әсер 
етпейтін пробиотиктерге көшудің маңызы зор [2,3].
Пробиотиктерді XX ғасырдың аяғынан бастап әртүрлі зиянды 
бактериялармен күресу үшін тиімділігі төмен көптеген антибиотиктердің 
орнына қолдану кеңінен қолданыс тауып келеді. 
Жалпы пробиотикалық қасиеті бар препараттарды дайындау үшін 
асқазан-ішек жолының тұрақты микрофлорасының бактерияларын, бірақ соның 
ішінде жиірек қолданыс тапқаны - сүт қышқылды бактериялары. Ол бұл 
бактериялардың метаболиттік ерекшеліктеріне негізделген. Пробиотикалық 
препараттар дайындауда, әсіресе бифидобактериялардың қышқыл түзу, 
антибиотикке, өтке, қышқыл ортаға, фенолға төзімділігі, адгезивтік, 
антагонистік, бактериоциногениялық қасиеттерінің мәні жоғары [4,5].
Организмнің арнамалы емес резистенттілігінің тұрақталуында, ішек 
жолдарының микробиоценозының реттелуінде, белоктық және минералдық 
алмасудың жақсаруында бифидофлораның маңызы зор. Организмде 
бифидобактериялардың жетіспеушілігі дисбиоз тудырады, нәтижесінде 


15 
минерал, белок, май алмасулары, ішектің сіңіру процестері бұзылады. 
Пробиотиктердің мұндай әсерлері патогенді бактериялардың өсуін 
тежейтін, мал организмінің иммунологиялық реакцияларын белсендіретін, 
сонымен қатар азықтың жақсы қорытылуын қамтамасыз ететін әртүрлі 
биологиялық белсенді заттардың микроорганизмдері негізінде қалыптасқан.
Препарат құрамына кіргізуге арналған штаммдарды көптеген қасиеттері 
бойынша іріктеп алады: патогенді және шартты-патогенді ішек таяқшаларын 
ингибирлеуге қабілеттілігі, өсіру кезінде қысқа мерзімде микроб биомассасын 
түзуі, асқазан-ішек жолдарында колонизациялану ұзақтығы, төменгі рН 
көрсеткіштеріне 
және 
өттің, 
фенолдың 
жоғарғы 
концентрациясына 
төзімділіктері, қышқыл түзу және сүтті ұйыту қабілеттіліктері, антибиотикке 
төзімділіктері ескеріледі. 
Осы жоғарғы талаптарға сүт қышқылды бактериялар штаммдарының 
біразы ғана жауап бере алады. Соған байланысты қазіргі таңда өндірісте емдік 
мақсатта 
қолданылатын 
перспективті 
сүт 
қышқылды 
бактериялар 
штаммдарының шектеулі екені анық.
В.М.Бондаренконың айтуы бойынша қалыпты микрофлораға пайдалы 
әсер ететін биопрепараттарды үш топқа бөлу керек: пробиотиктер, 
пребиотиктер және синбиотиктер. 
Пробиотиктер антибиотикпен салыстырғанда микроорганизмдердің 
белгілі бір метаболиттік процестерінің өнімі болып табылмайды және белгілі 
бір әсер ету спектрі болмайды [6].
Пробиотиктерге ұнтақ бифидумбактерин, бифидумбактерин форте және 
бифилиз жатады. Олардың әсерлі заты патогендік бактерияларға антагонистік 
белсенділік көрсететін, қышқыл, ферменттер, витаминдер өндіретін 
бифидобактериялар. Бұл препараттар организмнің іш-құрылыс қызметін 
қалыптастырады, зат алмасу процесін жақсартады, организмнің телімсіз 
резистенттілігін арттырады. 
Лактоқұрылымды препараттарға лактобактерин, ацилакт және аципол 
жатады. Олардың әсерлі заты тірі лактобациллалар. Бұл бактериялар 
органикалық қышқылдар, сутегі тотығы және антибиотикалық заттар 
өндіруінің арқасында патогендік микроорганизмдерге антагонистік әсер етеді. 
Одан басқа лактобациллалар ферменттер, витаминдер бөліп шығарады, ал, олар 
ас қорыту жүйесінің, зат-алмасу процесінің жұмысын жақсартады, организмнің 
табиғи қорғаныс факторларын қайта қалыптастырады. 
Колиқұрылымды препараттарға колибактерин және бификол жатады. 
Бұлардың да емдік қасиеті тірі бактериялардың антагонистік қасиетіне 
байланысты. Олар иммундық жүйенің белсенділігін арттырады, телімді және 
телімсіз иммунитет түзілуін үдетеді. 
Пробиотиктер кептірілген немесе тірі жасушалы сүт қышқылды 
бактериялар. Олар организмде иммундық жүйенің жұмысын реттеп, күшейтеді. 
Осыған байланысты пробиотиктерді медициналық және ветеринариялық 
практикада ас қорыту жүйелерінің бұзылуында, іштің алиментарлық бұзылу 
процесінде де қолданыс тапқан [7,8]. 
R.Fuller пробиотиктердің әсерін, әртүрлі себептермен мал организмінде 


16 
өзгеріске ұшыраған микрофлораны қайта қалыптастыруымен түсіндіреді. 
Пробиотиктер ішек флорасын қалыптастырып қана қоймай, организмнің 
азықты игеруін түзейді, сіңімділігін жақсартады. 
Пребиотиктер – микробты дәрмектер қатарына жатпайды. Олар адам, мал 
организміне 
метаболиттік 
белсенділік 
көрсету 
арқылы 
ішектің 
микрофлорасының қалыптасуына әсер етеді. Бұл топқа хилак-форте, лактулоза, 
лизоцим, ПАМБА сияқты дәрмектер енеді. Мысалы, лактулоза (синтетикалық 
дисахарид) жуан ішек қуысындағы сұйықтың қышқылдығын (рН) төмендетеді, 
шіріткіш 
бактерияларының 
көлемін 
азайтады, 
ішектің 
жиырылуын 
(перистальтика) реттейді және ондағы бифидо- және лактобактериялардың өсіп, 
көбеюін 
тездетеді. 
Ал, 
лизоцим 
бұзылған 
микрофлора 
құрамын 
қалыптастырады, патогенді микробтардың өсуін тежейді. 
Синбиотиктер пробиотиктермен пребиотиктердің қосындысынан 
алынған дәрмектер. Әдетте олар азық құрамына қосылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет