Омарова аккенже бердихановна



Pdf көрінісі
бет18/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   96
Байланысты:
Диссертация

Lactobacillus acidophilus
ас қорыту жолындағы патогенді 
микроорганизмдермен пайдалы бәсекелестік және кооперативтік реакцияларға 
түседі деп санайды. Олар патогендік факторларға белсенді басымдылық 
көрсетеді және ингибиторлық заттар, бактериоциндер өндіреді деп 
болжамдайды [12]. 
Пробиотиктерді қолдану мақсаты – адамдар мен жануарлардың 
организмінің кілегейлі қабықтарында орналасқан микроорганизмдердің 
бұзылған балансын қалыптастыру, яғни пробиотиктер дисбактериозбен 
сипатталатын кез келген ауруды емдеуге және алдын алуға бағытталған. 
Адам организмінде микроорганизмдер өте көп болады (мысалы ішектің 1 
см
3
1012-ға дейін микроорганизмдер болады). Олардың тіршілік ететін жерлері 
– организмнің кілегейлі қабықтары, әмбебап микроорганизмдер белгілі бір 
рецепторларға ғана жабысады. Бұндай рецепторлар саны шектеулі, сондықтан 
пробиотикпен бірге организмге түскен микроорганизмдер бос тұрған 
рецепторларға ғана жайғасады. Қалған микроорганизмдер ішектің эпителийіне 


18 
жабыса алмай, ішек қуысында қалып, біраз уақыт өткен соң организмнен 
бөлініп шығады. Осыған байланысты пробиотик қабылдағанда дозасының асып 
кетуі болмайды. 
Пробиотиктерді қолдану бойынша жаңа ұсыныстар, бациллалардың 
рекомбинантты штаммдарының берілген қасиеттерімен, интерферондардың 
өнімдерінің күшеюі есебінен вирусқа қарсы белсенділік қабілетімен 
ерекшеленетін жиі пероральді препарат «Субалин» 
Bac. subtillis
2335 көңілді 
аулатады. Айқын вирусқа қарсы қасиеттері бар субалин бастапқы 
штаммдардың жоғарғы антибактериальды белсенділігін көрсетеді. Бұл бағытта 
пайда болған препараттар вирусты және аралас инфекцияларды емдеу үшін 
болашағы бар [13-15]. 
Просимбиотиктер туралы айта кеткен жөн, өйткені олар микрофлораның 
ашытқысы сүт қышқылы тағамдарын алу үшін пайдалы (қымыз, айран, йогурт 
және т.б.), микроорганизмдер антогонисттерімен таратылады. Айран 
ашытқыларының антинеопластикалық қасиеттерін кейінгі жарты жүзжылдық 
ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде қымыз туберкулезді емдеу үшін пайдалы 
екені анықталды, бірақ иммундық жауаптың қалыптасуының рөлі әлі 
толығымен анықталмаған. 
Пробиотиктер иммундық жүйені иммунодефицит себебінің қандай 
екендігіне қарамай жоғарылатады. Сонымен қатар пробиотиктер иммундық 
жүйені әртүрлі дәрежеде көтереді, ол кілегейлі қабықтардың жергілікті 
иммунитеті ретінде де, жалпы гуморальдық иммунитет ретінде де реттейді. 
Пробиотик құрамындағы бактериялардың вирустармен күресетін ДНҚ-аза және 
РНҚ-аза ферменттері бар.
Пробиотик құрамындағы бифидо- және лактобактериялардың организмге 
пайдалылығы мынандай қасиеттеріне байланысты: 
-
организмде келесі витаминдерді түзеді: B1, B2, B5, B6, B12, PP, K, C, H,
сонымен 
қатар 
D, 

витаминдерінің 
және 
микро- 
және 
макроэлементтердің (темір, кальций, йод, селен) сіңірілуін қамтамасыз 
етеді;
-
тағаммен және азықпен түскен белоктың, көмірсулардың 80-90% 
ыдыратып, сіңірілуіне әсер етеді; 
-
креатинин мен АТФ синтезіне әсер ететін сірке, сүт, құмырсқа және май 
қышқылдарын түзеді, соған байланысты бұлшық етке қажет энергия 
түзіліп жиналады; 
-
организмнен ауру тудырушы және улы заттарды ыдыратып шығарады, 
яғни «екінші бауыр» қызметін атқарады; 
-
организмді бактериалдық және вирустық инфекциялардан қорғап, 
иммундық жүйенің қорғаныс факторларын күшейтеді [16,17]. 
Пробиотиктер жоғарыдағылармен қатар мынандай жағдайларда қажет: 
асқазан-ішек жолдарының қызметтерінің әртүрлі бұзылуы (метиоризм, асқазан 
қыжылдау, диарея, іш қату, ферментативті жетімсіздік, ішек атониясы, асқазан-
ішек жолдарының созылмалы аурулары, операциядан кейінгі құрсақ қуысы 
органдарына, инфекциядан кейінгі ішектің жағдайына, зәр шығару және 
жыныстық жолдардың рецидивтік инфекциясы, бронхтар мен өкпенің жиі 


19 
қайталанатын инфекциялары, антибиотикотерапияға төзімді әртүрлі аурулар, 
ревматикалық аурулар, остеопороз, жүктілік, психикалық стресс, созылмалы 
шаршау, күйзелу) [18]. 
Адамзат өмірінде инфекциялық аурулармен күресу жолдарында 
жаңалықты бәрі күткен. Бұндай қажеттілік әртүрлі инфекциялық аурулардың 
әсерінен миллиондаған адамдардың өмірлерінің үзілуінен болды. Соған 
байланысты А. Флемингтің пенициллинді ашуы әлемдік деңгейде үлкен 
жаңалық болды. Пенициллин бүкіл континентте белгілі болып, миллиондаған 
адамдардың өмірін сақтады. Флемингтің жаңалығы ғылыми жаңа бағыт
биология мен медицинада пенициллин эрасының ашылуы болды.
Кейінгі 
кезде 
патогенді 
микроорганизмдердің 
антибиотиктерге 
резистентті түрлерінің дамып, көптеген антибиотиктердің тиімділігінің 
төмендеу проблемасы туды. Бұл жөнінде Американдық ғалымдардың 
мәліметтерінде 
адамдар 
антибиотикке 
төзімді 
микроорганизмдермен 
зақымданса, ауру өте ауыр өтетіні немесе өліммен аяқталатыны айтылған. 
Бұндай жағдаймен күресу өте қымбатқа түседі. Мысалы антибиотикке төзімді 
микобактериямен зақымданған адамды емдеу, сезімтал микроорганизммен 
күресумен салыстырғанда 15 есеге артық болады. Сонда не істеу керек деген 
сұрақ туады. Зерттеулер нәтижелеріне қарағанда көптеген антибиотиктердің 
ауру адамдарға қажеті жоқ, өйткені адамдар осы препараттарды жиі суық 
тигенде, асқазан-ішек жолдарының ауруларында, қызу жоғарылағанда береді. 
Соның әсерінен микроорганизмдер оларға төзімділік танытады [19-23]. 
Екіншіден, дәрігерлер қай ауру болса да тиімділігі жоғары кең спектрлі 
антибиотиктермен емдеуге асығыстық жасайды. Соның орнына қоздырғыштың 
антибиотикке сезімталдығын анықтап алып, бұрынғы антибиотиктерді 
қолданса мұндай болмас еді. 
Осы жағдайларға байланысты медицина мен ветеринария практикасында 
альтернативті организмге қауіпсіз препараттар шығару проблемасы туды. Осы
тұрғыдан пробиотиктердің маңызының зор екендігіне ешкім теріс ой айта 
алмайтыны анық [24,25].
Жоғарыдағы мәліметтерді ескере отырып, пробиотиктер қазіргі кезде 
адам қорғанысының қажетті құралының бірі болып табылатынын 
мойындауымыз керек. Біріншіден, рационалды емес антибиотикті терапия 
нәтижесінде, ішек сырқаттарынан кейін, стероидты емес ісікке қарсы 
препараттарды ұзақ қолданғанда, цитостатикалық терапия, дұрыс тамақтанбау 
және әр түрлі стесстердің әсерінен пайда болатын АІЖ дисбактериозынан 
қорғану керек. Бұдан басқа бұзылған биоценоздарды қалпына келтіру және 
урогениталды жолдардың, ауыз қуысының сырқаттарын емдеу кезінде 
жергілікті ғана емес сонымен қатар пероралды қолданғанда да қалыпты 
микрофлоралары бар препараттардың эффективтілігі байқалады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет