17
Соңғы жылдары, құрамында бифидо- және лактобактериялар бар
пробиотиктер алу проблемасы көптеген зерттеушілерді қызықтыруда.
Бұған қойылатын талап, жаңадан алынған пробиотиктердің әсері,
патогендік бактерияларды ішек биоценозы құрамынан бәсекелестік
(конкуренттік) жолмен ығыстырып шығаруға және олардың патогендік
факторын тежеуге бағытталуы тиіс.
Бұл, сүт қышқылды бактериялардың антагонистік, қышқылдық,
иммунитетті жеделдетушілік сияқты биологиялық қасиеттеріне байланысты.
Кейінгі жылдары мал арасында ас қорыту жүйесінің аурулары жиі
тіркелетіндігі хабарлануда. Әдетте, ішек аурулары, ішек биоценозын
қалыптастыратын
организмдердің
өзіндік
реттеушілік
процесінің
бұзылғанынан,
патогенді
элементтердің
өзгергенінен,
патогенді
микрофлораның уыттылығы артқанынан, қолданылған дәрі-дәрмектер
қоздырғыштардың төзімділігі көбейгенінен және тағы басқа факторлардан
туындайды. Мұндайда, мал төлдері арасындағы өлім-жітімнің негізгі себебі ас
қорыту жүйелері қызметінің бұзылуынан болып табылады.
Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, пробиотиктер іштегі асты
сауықтырады, ішек бойындағы бактериялардың қалыптасуын реттейді, ас-
қорыту үрдісін жақсартады, ішек-қарын кілегей қабатын тазалайды және
қандағы
иммунды
клеткалардың
мөлшерін
көбейтеді.
Оларды
антибиотиктермен немесе басқа дәрілермен бірге қолдану арқылы ауырған
төлдерді қысқа мерзімде сауықтыруға мүмкіншілік туады.
Кейбір зерттеушілер, пробиотиктердің патогенді бактерияларды
ығыстыруы тек бәсекелестік қасиетінде ғана емес деп санайды.
Бактериялардың, кейбір ашытқылардың (дрожжы) бәсекелестік қасиеті,
патогенді микробтардың ішек эпителий жасушаларына енуіне жол бермейді,
оның нәтижесінде ішек қуысы, әсіресе аш ішек патогенді элементтерден таза
қалпын сақтайды, бауыр бактериялардың белокты-метаболитті өнімдерінен
арылады, нашар еритін тұздар ерітінді тұздарға айналады.
Tuomola E., Crittendent R.L. микроорганизмдер үшін адгезияның маңызын
талдай отырып,
Достарыңызбен бөлісу: