55
штаммдардың адгезиялық қасиеттерін зерттеу бактериялардың САСО-2 адам
ішегінің колоноректальды карциномасының эпителиалды жасушаларының
жасушалық қабырғасымен бірқабатты байланысқан бактерияларды санауға
негізделген. Адгезиялану үшін клеткаларды бактериямен бірге 30 минут бойы
37°С температурада өсірдік. Өсірілгеннен кейін клеткалардың моноқабатын
жабыспаған клеткалардан арылту үшін шаяды.
Қалған клеткалар Тритона Х-
100 ерітіндісімен ажыратылды және өміршеңдігі сақталған клеткалардың санын
қоректіқ ортаға егу арқылы анықтадық. Адгезивтік бактериялардың КТБ мәні
37°С температурада 12 сағат өсірілгеннен кейін шоғырларды санау арқылы
анықталды.
Адгезияға арналған тест алдында бактериялар анаэробты жағдайларда
Man, Rogosa және Sharpe (MRS) (Oxoid) сорпасында 37°C кезінде 24 сағат бойы
Дульбекко фосфатты-тұзды буферінде (DPBS; Sigma-Aldrich) өсірілген.
Бактериялар 2000×g, 10 мин. бойы центрифугаланған; тұнбаларды екі рет
дифференциалды фосфатты тұз ерітіндісімен (PBS; pH 7,0) жуады. Бактериялық
суспензияны PBS-да 2 × 10
8
КТБ мл-1 түпкілікті концентрациясына дейін 420
нм (Infinite M200;
Tecan Austria GmbH, Grödig, Австрия) оптикалық
тығыздықты өлшеу жолымен сұйылтылды.
Жеке өсінділердің фагқа сезімталдығын анықтау агарлы қабат әдісімен
анықталды. Петри аяқшасына 1,5% агары бар орта бір қабат етіп құйылды, ал
бетіне 0,1% тест-өсінді егілген 0,6% агар қабатталып құйылды. Қатқаннан
кейін үстіне титрі бляшка түзу бірлігі 1х10
6
(БТБ/см3) кем емес
фаголизаттарды репликатормен жолақтап жүргізілді. Сұйылтынды агарға
сінгеннен кейін себінділерді 24 сағатқа 30°С
температураға термостатқа
қойдық. Тест-өсінділерінің бетінің фаголизаттар тамызылған жерлерінде
негативті шоғырлар деп аталатын мөлдір зонаның пайда болуы, сол өсіндінің
зерттелетін фагқа сезімталдығын көрсетеді.
Сүт қышқылды бактериялар штаммдарының тиісті температурада
(қолайлы өсу температурасынан 2-3°С жоғары) қайнаған сүтке (100 мл)
үйлесімділігін анықтау үшін зерттелетін негізді (3%) немесе сүт қышқылды
бактериялар мен ашытқылардан тұратын ашытқыны қосады. Бір мезгілде сүттің
басқа порцияларына негіз құрамына кіретін өсінділерді қосып, ұйынды түзудің
ұзақтығын белгілейді. Содан кейін сынамалар бөлме температурасында 1-2
сағатқа
қалдырылды, оларды +3-5°С кезінде тоңазытқышта 16-18 сағат бойы
ұстап тұрды. Сүт қышқылды бактериялар штаммдарының үйлесімділігін
олардың құрамына кіретін әрбір штаммның ұю ұзақтығымен салыстырғанда
(органолептикалық көрсеткіштері тең болған жағдайда) белгілі бір
комбинациямен сүттің ұю ұзақтығы бойынша анықталады. Жақсы
органолептикалық көрсеткіштері бар ең белсенді
штамм деңгейінде ұйытатын
сүт комбинациялары іріктеп алынады, қалғандары жарамсыз деп танылады.
Пробиотиктер жасау кезінде пробиотикалық микроорганизмдердің
асқазан сөліне, өтке, ас тұзына және басқа да зақымдаушы агенттерге
төзімділігін анықтаудың маңызы зор. Өйткені пробиотик ұзақ уақыт бойы ішек
микрофлорасында өміршеңдігін сақтауы қажет, әсіресе органикалық
қышқылдарға, pH төменгі шамасына резистентті болуы шарт. Бұл ең алдымен
56
пробиотикалық бактериялар асқазан жолдары арқылы
тоқ ішекке дейін тірі
күйінде жетуін қамтамасыз етеді. Микроорганизмдердің қышқыл ортада
өміршеңдігін сақтап қалуы оларды тиімділігі жоғары пробиотик қатарына
жатқызу үшін маңызды көрсеткіші болып есептелінеді. Сондықтан біздің
зерттеу жұмысымыздың мақсаты іріктелініп алынған өсінділердің ас қорыту
жүйесінің табиғи тежегіштеріне
төзімділіктерін анықтап, жоғарғы көрсеткіш
көрсеткен белсенді штаммдарды басқа да қасиеттеріне зерттеу үшін ұсыну.
Өсінділердің қышқыл түзу белсенділіктері Тернер әдісімен анықталды.
Бұл мақсатта бір күндік микроорганизм өсінділерін центрифугалап, оптикалық
лайлану стандарты бойынша физиологиялық ерітіндіде 1 миллиардтық қоспа
дайындадық. 0,1 мл зерттелетін ерітіндіні 10 мл майсыздандырылған сүтке егіп,
37°С температурада бірнеше сағат анаэробты жағдайда культивирледік. 6-12-
24-48-72 сағат аралығында нәтижесін бақыладық. 10 мл ерітіндіге 20 мл
дистилденген су құйып, 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қостық. 0,1 н
NaOH ерітіндісімен ашық-қызғылт түске боялғанша титрледік.
Нәтижесін Тернер градусымен мына формула бойынша есептедік.
К=х•10 (1)
Х – титрлеуге кеткен 0,1 н NaOH ерітіндісі
10 – мл Тернер градусына
айналдырғандағы коэффициент
Бифидобактериялардың ас тұзына, өтке, фенолға төзімділігін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: