Мазмұны:
Кіріспе. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы сталиндік саяси-қуғын-сүргін саясаты қоғамдағы адам санасына салған «жара» тарих бетінде қатталып, адамзат жадында мәңгілікке қалады. Бұл зобалаң жылдар зұлматы талай ұрпақтың санасына өшпестей із қалдырып кетті. Бұл саясат қазақ халқының да тағдырына барынша әсер етті. Ұлт зиялыларымен қатар, олардың отбасы да аяусыз қудалауға ұшырады. Оның жарқын дәлелі қазақ даласындағы жаппай салынған жазасын еңбекпен түзету лагерлерінің біріне айналған «АЛЖИР» екені даусыз. Әйел мен аналарды жазықсыз қудалап, сәбилерінен күштеп айырған зұлматты бұған дейін бұрын-соңды бастан өткермеген халық едік. Ер-азаматтармен бірдей саяси қуғын-сүргінге ұшыраған аналарымыз 1937 жылдың зұлматынан сырт қалмады. Жазықсыздан жазықсыз «Отанын сатқандардың Ақмола лагеріне» қамалды.
Достарыңызбен бөлісу: |