Омарова раушангүл сәрсенқызы білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында



бет3/5
Дата28.01.2018
өлшемі0,87 Mb.
#35343
түріАвтореферат
1   2   3   4   5


Рефлексиялық-бағалаушылық процесінде өзіндік ой-пікір, әрекеттерді, тәжірибе нәтижелерін талдау және оқу процесіндегі келесі кезеңдердің бағдарламасын анықтау үшін жағдай жасалады.

Шығармашылық сабақ – оқушылардың өзіндік танымдық әрекеттеріне мүмкіндігінше жағымды жағдай тудыратын, жаңартылған мектептегі оқу процесін оңтайлы ұйымдастыру тәсілі. Жаңа ұйымдастырушылық нысан – шығармашылық сабақтарын қолдану мұғалім қызметін оқу процесінде оқушы мен дәстүрлі сабақ талаптары арасында туындайтын қарама-қайшылықтан арылуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың білім алуында шығармашылық әрекетін белсендіруге, олардың интеллектуалдық, рухани-адамгершілік дамуын арттыруға байланысты мәселені шешу дидактикалық тәсілдерді өзгертуді және мұғалім

ақпаратына берілетін уақыт бөлігін азайтып, оқушының өзіндік танымдық, шығармашылық іс-әрекет уақытын көбейтуге әкелетін оқу уақытын қайта бөлуге орай қажетті жаңартулар жүргізуді талап етеді.

Өзін-өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды (Р. Декарт, Д. Локк). Жаңа дәуір философиялық идеялары «өзіндік» және «Мен» ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік «Мен» құндылығы пайда болды.



Шығармашылық - жаңаны жасаудағы процесс, креативтілік – адамның ішкі ресурсы, әлеуеті. Креативтілік - адамның шапшаң, нақты ойлау, жоғары қызығушылықтарға негізделген бай қиял және проблеманы жылдам түсіну қабілетімен танылады. Креативтіліктің негізгі шартының бірі – адамның өзін-өзі ұстауы мен өзіне деген сенімділігі. Креативтілік тек қана ойлау операцияларының сапасымен ғана емес, тұлғалық сипатымен, шығармашылық кезеңдеріне қажетті білім, білік, дағдыны меңгеру деңгейімен ерекшеленеді.

Креативтілік - тұлғаның өзін-өзі дамытудағы маңызды фактор. Адамның креативтілік процеске дайындығы оның тәжірибеге деген ашықтығымен анықталады.

Шығармашылық көзі – танымдық қызығушылық, интеллектуалдық қабілет, білім, ойлау стилі, тұлғалық мінездеме, мотивация және қоршаған орта.

Креативтілік факторлары – тұлғалық бағытталу, жағдайға талдау жасау, шығармашылық процесс, шығармашылық нәтиже.



Оқыту жүйесіндегі рефлексия – оқыту субъектісінің өз іс-әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, өзіндік сезінуі. Рефлексияның мақсаты – іс-әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын анықтау т.б.

Өзінің оқу тәсілдерін, таным мен ойлау механизмдерін түсінбейінше оқушылардың қол жеткізген білім нәтижесін толық ұғынуы мүмкін емес.

Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты.

Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады.



Сонымен, шығармашылық рефлексия – жекетұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорытуы.

Рефлексиялық танымдық дағдылар субъектілердің өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны баланың өз іс-әрекеттерінің субъектісі ретіндегі өз көзқарасын қалыптастыру: өзіндік тұжырым жасай алу, өзін-өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік қажеттіліктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар елімізде білім беру жүйесінде жаңа серпін еніп, әлемдік білім кеңістігіне бағдар алып жатқан кезеңде, оқушының шығармашылық қызығушылығын дамытуда дистанциялық оқыту мәселесінің маңыздылығы жоғары екендігі сөзсіз.

Дистанциялық оқытудың маңыздылығы – жеке тұлғаның дамуын ілгерілетіп, оның қызығушылықтары арқылы шығармашылық ізденіске жетелеу, сондай-ақ оқыту курсының оңтайлы нұсқасын таңдап, оны меңгеру деңгейін арттыру. Мұғалім дистанциялық оқытуда оқу ақпаратын тиімді пайдалана отырып, үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылармен жеке жұмыс істеуге және озат оқушылармен қызықты тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алады. Оқушы үйреншікті өмір жағдайын өзгертпей-ақ, өзіне оңтайлы уақытта және ыңғайлы жерде білімді игереді, пәнді қалағанынша меңгеруге мүмкіндігі болады, әрі көп шығынды талап етпейді.

Дистанциялық оқытудың негізгі жалпылау технологиялық құрамы үш бөліктен: 1 - кейс технологиясы, 2 - интернет технологиясы, 3 - телекоммуникациялық технологиялардан тұрады.

Кейс технология (ағылшынша case - жинақ) өз бетінше дербес ізденуге оқу - әдістемелік кешендердің арнайы жинағы түріндегі ақпараттық білім беру көздерін қамтамасыз ету. Бұл технология дистанциялық оқытуда алғашқы болып қолданылды.

Телекоммуникациялық технология – ғарыштық спутник құралдары арқылы мәліметтер мен телехабар, сондай-ақ ақпараттық білім ресурстарын сандық кітапхана, видеолекция т.б. оқыту құралдары негізіндегі дистанциялық оқыту технологиясы болып табылады. Бүгінгі күні CD – ROM дискісіндегі ақпараттарды түрлі телекоммуникациялық құралдар арқылы кез-келген тұтынушыға жеткізуге болады.

Интернет – технология. Дистанциялық оқытуда интернет технология Интернет ақпараттық жүйесіне қосылу нәтижесінде мүмкін болады. Интернет жүйесі арқылы оқушы дистанттық мұғаліммен (тьютор) өзара байланысқа түседі. Бұл қарым-қатынас синхронды түрде жүзеге асуы мүмкін сол мезеттегі уақыт режимінде (онлайн), немесе асинхронды, басқа уақытқа қалдыру (офлайн) арқылы ақпараттың үлкен көлеміне байланысты өзгеруі мүмкін.

Сонымен, зерттеу жұмысында аталған өзекті мәселелер жан-жақты сараланып, нәтижелері тәжірибе жүзінде тексеруді талап етті.

Жалпы орта білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың басты міндеттері мынадай мәселелерді анықтауды қамтыды: жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда пән сабақтарының дидактикалық мүмкіндіктерін; оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығының қалыптасуына әсер етіші факторлар мен дидактикалық шарттарын; оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке қызығушылық деңгейлерін; жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мазмұнын, әдістемелік бағыттарын; шығармашылық оқыту технологияларының мәні мен маңызын анықтау.

Тәжірибелік-әксперименттік жұмыс барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін тұжырымдамасы, 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің базистік оқу жоспары, типтік бағдарламаларға, оқулықтарға талдау жасай отырып, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға байланысты мүмкіндіктер қарастырылды.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтаушы педагогикалық эксперименті кезеңінде зерттеу базаларындағы мектептер бойынша эксперимент және бақылау сыныптары таңдалып алынды. Эксперименттік жұмыстарға қатысатын мұғалімдер іріктелініп, мұғалімдерге зерттеу мәселесіне байланысты арнайы дайындалған бағдарламалар мен әдістемесі бойынша ғылыми семинарлар өткізілді.

Анықтаушы эксперимент нәтижелері мынадай болды: оқушының 62%-і шығармашылық қызығушылығы төмен; өзіндік жұмыста ізденімпаздығы байқалмайды - 66%; дербес жұмыс істеуге талпынбайды - 58%; шығармашылық жұмысты қажет деп есептемейді - 49%.

Кешенді жұмыс формалары мен түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығы қалыптасуында маңызды компоненттерінің дамуы (мотивациялық-еріктік, мазмұнды-операциялық, рефлексиялық - бағалау) жағдайына талдау жүргіздік. Зерттеу жұмысы әр сынып бойынша жүргізіліп, қорытынды. нәтижесі жалпыланып, диаграмма түрінде сараптама жасалды.

Эксперименттің екінші диагносткалық қалыптастыру кезеңіндегі жұмыстар нәтижелері жоғары сынып оқушыларының білімді меңгеруге белсенділігі, шығармашылық іс-әрекетке ынталануы, жаңашылдық процестер мен ғылыми зерттеулерге, дербес өзіндік жұмыстарға қызығушылығы, білімді меңгеруге деген құндылық бағдары мен көзқарастары оның іс-әрекетінде айқын көрініс тапқанын көрсетті.

Эксперименттің үшінші қорытынды кезеңі педагогикалық экспериментке талдау жүргізіліп, психологиялық-педагогикалық тұрғыда пайымдалған теориялық ұсыныстардың практикалық сипатта іске асуына қорытынды жасалды, педагогикалық тәжірибе жұмыстарының барысы мен нәтижелері сараланды. Ғылыми-педагогикалық тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар енгізілді.

Демек, жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыс оларды қызықтыратындай, жүйелі, білімнің қажеттілігі мен өмірлік бағдарға сәйкес үйлесімді жүргізілуі, оның дербес ерекшелігін ескеру, шығармашылыққа баулу, танымдық түйсігін жетілдіруде оның мотивтік амал-тәсілдерін аша түсу негізгі фактор болып табылады. Оқудың мотивациялық ролін күшейтуде диссертациялық жұмыс барысында көрсеткен жұмыс формалары мен ұсынған әдіс-тәсілдеріміздің тиімділігі дәлелденді.

Сонымен қатар бұл мәселеде шәкірттің ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі маңызды екендігі көрінді. Сондықтан мұғалімнің оқушылардың ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынасы жұмыстың нәтижелі болуына кепіл болары сөзсіз. Мұндай шығармашылық сипат тек оқу үлгерімінің ғана емес, сонымен бірге тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлғасының қалыптасуының негіз болмақ.

Оқушылармен жүргізілген зерттеу нәтижесі олардың 60%-і өз бетімен жұмыс істеуге құлықсыздығын көрсетсе, 21%-і шығармашылық жұмыстың қиындығын алға тартып, оған көп уақыт бөлудің қажеттігі жоқтығын айтқан еді. 19% оқушы шығармашылық “жұмыс істеуді неден бастарымызды білмейміз” деген жауап берген болатын.

Біздің жүргізген жүйелі жұмыстарымыз нәтижесінде, соңғы қорытынды сауалнамада оқушылардың 84%-і шығармашылық жұмыстарға қызыға қатысқаны, 28%-і ғылыми жұмыс жасағысы келетінін, 39%-і өзінің сүйікті пәндері бойынша жаңалық ашқысы келетінін, 14%-і шығармашылық жұмыстар күрделі, уақытты талап еткенімен, оған қатысу қажеттігін айтса, 5%-і белгілі бір пән бойынша шығармашылық ізденіс қажет деген пікірлерді ортаға салды. Жалпы қорытынды: жоғары сынып оқушысы шығармашылық жұмыстарға белсенді және оны қажет етеді, сондықтан әр пән бойынша шығармашылық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардың нақты әдістемесін жасау елеулі міндет екені даусыз деп есептейміз.

Оқушылардың жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз етудегі маңызды компоненттер (мотивациялық-еріктік, мазмұндық-операциялық, рефлексиялық-бағалау) олардың шығармашылық ой-өрісінің даму деңгейлеріне де тікелей әсері бар екендігін көрсетті.

Кестеде көрсетілгендей, оқу жылының басында жоғары деңгей 7-8 % шамасын көрсетсе, жыл аяғында әдістемелік жұмысты жетілдіре отырып, шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың белсенді әдіс-тәсілдерін пайдалану нәтижесінде көрсеткіш 18,5 %-ға жеткен. Ал эксперимент топтарындағы 5 жыл бойында ұсынылған әдістеме бойынша жүргізілген сыныптарда оқушылардың шығармашылық қызығушылығы артып, шығармашылық ой-өрісінің кеңейгендігі байқалды. Тәжірибелік жұмыс жоғары көрсеткіштерді көрсетті (4-кесте).
4-кесте – Оқушылардың шығармашылық ой-өрісінің даму

деңгейлері, %


Шығарма


шылық ой-өрісінің даму деңгейі

Бақылау тобы



Эксперименттік топ





Дәстүрлі оқыту

Эксперименттік бағдарлама бойынша оқытудағы 1-жыл нәтижесі

Эксперименттік бағдарлама бойынша оқытудағы 5-жыл нәтижесі

Оқу жылының соңында

Оқу жылының басында

Оқу жылының соңында

Оқу жылының басында

Оқу жылының соңында

Жоғары

8,1 %

7,0%

18,5%

67%

79%

Орташа

48,9 %

49%

55,5%

33%

21%

Төмен

43 %

44%

27%

0

0



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет