Омарова раушангүл сәрсенқызы білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында



бет4/5
Дата28.01.2018
өлшемі0,87 Mb.
#35343
түріАвтореферат
1   2   3   4   5

Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға арналған эксперименттік жұмыстар оқушының өзін-өзі бағалау деңгейіне де тікелей әсері бар екенін дәлелдеді (5-кесте).


5-кесте – Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейлері, %



Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейлері

Бақылау тобы


Эксперименттік топ


Дәстүрлі оқыту

Эксперименттік бағдарлама бойынша оқытудағы 1-жыл нәтижесі

Эксперименттік бағдарлама бойынша оқытудағы 5-жыл нәтижесі

Оқу жылының соңында

Оқу жылының басында

Оқу жылының соңында

Оқу жылының басында

Оқу жылының соңында

Жоғары

17 %

22%

39%

79%

82%

Орташа

53 %

44%

40%

21%

18%

Төмен

30 %

34%

21%

0

0

Жалпы, жүргізілген эксперименттік жұмыстардағы маңызды компоненттердің даму динамикасын жинақтап, 6-кестеде көрсетіп отырмыз.

Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын дамыту мәселесі бойынша кешенді тәжірибелік бағдарламада оқушының шығармашылық ойлау, коммуникативтік қабілеттері және жалпы меңгеру деңгейі қарастырылды.
6-кесте – Оқушылардың шығармашылық деңгейлері мен компоненттерінің дамуының жинақ кестесі (%)


Компоненттер

Деңгейлер

Экспер. дейін

Эксперим. кейін

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

Мотивациялық-еріктік

Жоғары

Орташа


Төмен

12,1

46,8


41,1

11,7

42,3


46

12,4

47,0


40,6

21,3

43,5


35,2

Мазмұндық-операциялық

Жоғары

Орташа


Төмен

17,1

51,9


32,0

16,3

51,2


32,5

17,7

52,3


30,0

29,5

52,3


18,2

Рефлексиялық-бағалау

Жоғары

Орташа


Төмен

11,2

37,0


51,8

9,0

37,5


53,5

11,8

38,7


49,5

25,5

36,1


38,4

Эксперимент жұмыстары оқушының шығармашылық әлеуеті мен білімді меңгеру деңгей арасындағы корреляцияны көрсетті.

Кешенді жүргізілген эксперимент жұмыстары нәтижесінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейінің өскендігі байқалып, ұсынылып отырған әдістеме дәйектілігін көрсетіп берді. Сондай-ақ тәжірибелік жұмыстар нәтижелері эксперименттік топтардағы оқушылардың білім деңгейі мен шығармашылық ой-өрісінің өскендігі, ал бақылау топтарында бастапқы көрсеткіш өзгеріссіз қалғандығын көрсетті.

Тәжірибелік-эксперимент нәтижелерін талдауда біз Торранс тестін пайдаландық. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін бағалау эксперименттік топтарда жылына 2 рет, ал бақылау топтарында жыл соңында 1 рет жүргізілді. Мәліметтер 1-2 - суреттерде көрсетілді.

Зерттеу нәтижесі ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігін көрсетіп, шығармашылық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған жұмыстар арнайы жүргізілсе және оны қалыптастыруда жеке тұлғалық мотивациялық-еріктік, мазмұндық-операциялық, рефлексивті-бағалау компонентерінің дамуы ескерілсе, онда жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын жоғары деңгейге көтеруге оңтайлы мүмкіндіктер туындайды.

Бастапқы көрсеткіш пен соңғы нәтижелерді салыстыру тәжірибелік-эксперимент барысында жүргізілген жүйелі жұмыс шығармашылық қызығушылығының даму деңгейінің өсуіне әсер еткеніне айғақ бола алады. Мұндағы мотивациялық-еріктік компоненттің деңгейінің оқушыларда танымдық іс-әрекетке қызығушылығының пайда болғандығын, өзіндік іс-әрекетті қажетсіну мен ынталылығының қалыптасқанын

көрсетеді. Мотивациялық-еріктік компоненттің даму деңгейінің көтерілуі мазмұндық-операциялық компоненттің даму деңгейіне әсерін тигізді.

Біз пән бағдарламасы бойынша оқушылардың үлгерімінің жоғарылағанын байқадық. Оқушылардың іс-әрекеті мақсатқа бағытталған және ынталы, жүйелі бола түсті. Мұның нәтижесінде рефлексивті-бағалау компоненттің дамуы,



1 2 3

1 2 3

1 2 3

Мотивациялық-еріктік

Мазмұндық-операциялық

Рефлексиялық-бағалау

1-жоғары, 2-орташа, 3-төмен деңгейлер


1-сурет – Экспериментке дейінгі оқушылардың шығармашылық қызығушылығы компоненттерінің көрсеткіштері

1 2 3

1 2 3

1 2 3

Мотивациялық-еріктік

Мазмұндық-операциялық

Рефлексиялық-бағалау

1-жоғары, 2-орташа, 3-төмен деңгейлер


2-сурет – Эксперименттен кейінгі оқушылардың шығармашылық қызығушылық компоненттерінің көрсеткіштері

яғни оқушыларда тұрақты қызығушылық, шығармашылық жұмыстарда кедергілерді жеңуге ұмтылушылық, тапсырмалардың бірте-бірте күрделенуін және деңгейлік тапсырмалар мен логикалық жүйедегі тапсырмаларға ерікті түрде ұмтылысымен сипат алды.

Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың нәтижесін талдай келе, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетте, дәстүрлі емес тапсырмаларды орындауда оңтайлы әдіс-тәсілдерді білмейтіндігі, өз бетімен ізденімпаздықпен жұмыс істеу білігінің жоқтығы, мұғалімнің сабақты бір сарынды өткізуі, ақпарат көздерінің жетіспеушілігі, шығармашылық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілмейтіндігі себеп болып отыр.

Біздің зерттеулеріміз бұл мәселені шешудің оңтайлы жолдары бар екенін, бұл бағытта дұрыс ұйымдастырылған жұмыстар арқылы оқушыны жан-жақты дамытуға, іскерлігі мен қабілетін жетілдіруге, жеке тұлғаның ізденімпаздығын қалыптастыруға болатынын, тиімді әдіс-тәсілдері мен құнды нұсқаулар беру арқылы, жұмыс мазмұнын түрлендіру, оны жетілдіруде дәйектілігін көрсетті.

Демек, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру моделінің, оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің дәйектілігін оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында жасалған әдістеменің тиімділігін дәлелдейді.

Ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар педагогикалық іс-әрекетті бағалауда мұғалімдер бақылау карталары арқылы өзін-өзі және бірін-бірі бағалап отырды. Нәтижесі секция отырысында талқыланып, зерттеу жұмысының нәтижесі бұл мәселенің мектептер үшін өте қажетті екендігін, мұғалімдер шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыруда көмектің қажеттігін нақты нұсқау жоқтығын, алға тартты. Соған сәйкес мұғалімдерге арналған курс ұйымдастырылды.



Арнайы курстың мақсаты – мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру, әдістемесін ғылыми-практикалық тұрғыда негіздеу.

Бағдарлама бойынша лекцияға – 23 сағат, семинарға – 14 сағат, практикалық сабаққа – 16 сағат бөлінді (7-кесте).



Арнайы курсқа барлық мұғалімдер қатысты және оны жоғары бағалады. Лекциялар барысында теориялық мәселелерге байланысты көптеген сұрақтар туындап отырды. Ал семинар сабақтары “дөңгелек үстел” түрінде, пікірталас, әңгімелесу арқылы жүзеге асты. Мұғалімдер әдістемені жан-жақты талқылап, “зерттеу күнделіктеріне” түсіріп отырды. Мұғалімдерге әдістемелік құралдар мен нұсқаулар таратылды. Практикалық жұмыс озат педагогтардың сабақтарына қатысу, оларды талқылау түрінде өтті. Кейбір мұғалімдер көрсетілген әдістеме бойынша жұмыс көрсетті. Жалпы, арнайы курс, зерттеу жұмыстарының нәтижелері мектептердегі оқыту процесіне жаңа серпін әкелді, мұндай жұмыстар мұғалімнің теориялық білімін ғана емес, әдістемелік тәжірибесінің жетілуіне, жаңаша идея, шығармашылық бағыттың пайда болуына әсері мол.
7 кесте – Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы курс жоспары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет