Лекция
|
Семинар
|
Практик. жұмыс
|
1.
|
Білім берудің жаңа парадигма жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
|
3
|
2
|
|
2.
|
Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру моделі
|
2
|
2
|
2
|
3.
|
Қазіргі мектепте шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру технологиясы
|
3
|
2
|
3
|
4.
|
12 жылдық мектеп - оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру өзегі
|
3
|
1
|
3
|
5.
|
Шығармашылық рефлексия және оған педагогикалық басшылық
|
2
|
2
|
2
|
6.
|
Мұғалімнің педагогикалық рефлексиясы. Креативтілік
|
2
|
2
|
2
|
7.
|
Инновациялық креативті білім беру
|
2
|
1
|
1
|
8.
|
Қазіргі кезеңде дистанциялық оқытуды ұйымдастыру
|
2
|
1
|
1
|
9.
|
Шығармашылық қызығушылықты диагностикалау
|
2
|
1
|
1
|
10.
|
Педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тарату және акмеологиялық қызмет.
|
2
|
|
1
|
|
Барлығы
|
23
|
14
|
16
|
ҚОРЫТЫНДЫ
ХХІ ғасыр қоғам өмірінің әр түрлі саласында үнемі өзгеріп отырған маңызды ғаламдық процестермен сипатталады. Ол білім беру саласына да әсер етіп, оқушылардың шығармашылық әлеуетін қалыптастырудың жаңа жолдарын іздестіруді талап етеді. Осыған орай, бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайының өркениетті, прогресшіл бағытына сай, терең білімді, өзгермелі жағдайға тез бейімделгіш, өзін-өзі саналы игеретін, бәсекелестік жағдайда өресі биік, азаматтық-тұлғалық бет-бейнесі қалыптасқан, рухани жан дүниесі бай, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қоғамның басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл мақсат-міндеттердің жүзеге асуы адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оқыту мен тәрбиені сабақтастықта, шығармашылық мақсат қоя отырып, арнайы оқыту процесін жүргізгенде мүмкін болмақ.
Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы оқушылардың жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын дамыта отырып, заман талабына сай құзырлылығын қалыптастыру және рухани жан дүниесінің дамуына жағдай жасау. Сондықтан Егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны, білім берудің түрлі жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға ұмтылуы заңдылық.
Зерттеу жұмыстары барысында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда білім берудің жаңашылдық сипатына сәйкес, білім мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, технологияларын, оған қатысушы субъектілердің бағытын, білімдік ортаны өзгерту арқылы ғана мүмкін болатындығына көз жетті.
Зерттеу жұмыстары маңызды мәселенің шешімін табуда теориялық, әдіснамалық, дидактикалық деңгейлерде жүрді:
● әдіснамалық деңгейде – шығармашылық қызығушылықтың адамның өзін-өзі, айналасындағы әлем мен ортасын өзгертуге көмектесетін, танымдық ынтасы мен әлеуметтік жағдайларға негізделген мүмкіндіктері ретіндегі мәні мен мазмұны ашылды. Сонымен қатар білім беру процесінің жаңашылдық сипатының басымдылық бағыттары мен жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін белсендіру арқылы оның субъектілігін қалыптастырудың қажеттігі анықталды;
● теориялық деңгейде – білім беру парадигмалары және жалпы орта білім беруді дамыту тенденциялары, шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі, шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық тұғырлары мен психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен сипатталады;
● дидактикалық деңгейде – оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды нәтижелі ететін педагогикалық технологиялардың философиясы, құрылымы сараланды, шығармашылық сабақтар мен оқытудың инновациялық бағыттары, дистанциялық оқыту мен оның болашақтағы бағдары анықталды.
Зерттеу жұмыстарының нәтижелері төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
1. Білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес білім мазмұнының шығармашылық сипаты, жаңа құрылымы еліміздің рухани-мәдени әлеуетін жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің басты тұғыры болып табылады. Сондықтан білім мазмұнының қазіргі заман ғылымының серпінді бағыты жалпы білім беретін мектептің жаңаруына жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы мен ынтасы, ой белсенділігі нәтижесіндегі танымдық іс-әрекеті арқылы көрініс табады.
2. Зерттеу жұмысы бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес, жалпы орта білім беру жүйесінің мақсат-міндеттерінің, жаңашылдық сипатын айқындап, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың өзектілігін ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеумен сипатталды.
3. Зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген теориялық зерттеулер мен оны практикада жүзеге асыру мәселесінің сабақтастығын зерделеу нәтижесінде “білім берудің жаңа парадигмасы”, “шығармашылық қызығушылық”, “инновациялық креативті білім беру”, “креативтілік”, “шығармашылық рефлексия” ұғымдарына жаңаша сипаттағы анықтама берілді.
4. Зерттеудің әдіснамалық негіздерін басшылыққа ала отырып жасалған мотивациялық-еріктік, мазмұндық-операциялық, рефлексиялық-бағалау компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштерінен тұратын құрылымдық-мазмұндық моделі өзекті мәселенің шешімін табуда маңыздылығы дәйектелді.
5. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда олардың субъектілігіне негізделген, технологияландырылған, шығармашылық іс-әрекетті белсендіру әдістері мен оларды ұйымдастырудың жаңа үлгісіне көшудің тиімділігі анықталды.
6. Зерттеу нәтижесінде шығармашылық қызығушылық оқушылардың нәтижеге бағытталған білім алудағы құндылық бағдары ретінде, оқу-танымдық әрекетті мақсатқа бағыттаушы танымдық ынтасы мен олардың еңбек, адамгершілік, эстетикалық рухани мүмкіндіктерін дамытудағы басты жекетұлғалық сапа ретінде және қоғам талаптарына сай құзырлықтарын қалыптастырудағы маңызды серпін ретінде қарастырылды.
7. Білім беру жүйесінде жаңашылдық өзгерістер қоғамның және жеке тұлғаның көзқарастарын, ой-өрісін, психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қызығушылықтарын, қарым-қатынасын кешенді түрде өзгерту арқылы жүзеге асырылатындығы дәйектелді.
8. Білім берудің жаңа парадигмасына сай, оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарын қалыптастыруда интерактивті, ақпараттық, өзіндік іздену сипатындағы оқыту технологиялары анықталды.
9. Білім берудің жаңашылдық сипатына сай, қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың инновациялық процесс ретіндегі мүмкіндіктері дәлелденіп, оқытудағы рефлексияның маңызы мен жеке тұлғаның шығармашылық ынтасын дамытудағы маңыздылығы сипатталды.
10. Жаңа оқыту технологияларының ақпараттық жүйелілігін, өзара және өмірлік ортамен байланыстылығын, үйлесімділігін, оқушының танымдық сапаларының, шығармашылық қызығушылығы мен креативтілігін дамытудағы ерекшеліктері сараланды.
11. Білім берудің жаңа парадигмасы тұрғысынан оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы теориялық-әдіснамалық негіздерін тұғыр ете отырып, өзекті мәселенің шешімін табудағы ұсынылған әдістеменің тиімділігі тексерілді.
12. Зерттеу нәтижелерінің Республикалық ғылыми-практикалық орталықтарында және мектеп тәжірибесінде, Облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярау институттарында талқыланып, тиімділігі нақтыланып, тәжірибеге енгізілді.
13. Зерттеу нәтижелерін мектептер мен колледждерде, жоғары оқу орындарында, мұғалімдердің білімдерін жетілдіру институттары мен ғылыми-педагогикалық зерттеу орталықтары қызметінде пайдалану тиімділігі дәлелденді.
Диссертациялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мынадай ұсыныстар жасаймыз:
Білім құндылықтары тұлғаның, қоғам және табиғат игіліктеріне сәйкестендіріліп, ашық, вариативті, рухани және мәдени толерантты, шығармашыл жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін жүйе ретінде құрылуы тиіс;
оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы оқулықтар, бағдарламалар психологиялық, физиологиялық, дидактикалық тұрғыда қарастырылып, оқушының танымдық-тағылымдық мүдделері мен шығармашылық қызығушылықтарын дамытатындай дәрежеде дайындалуы;
шығармашылық қызығушылық – білім алудың ақпараттық ұйтқысы болғандықтан оның дамытушылық, қалыптастырушылық, бағыттаушылық мәнін ескере отырып, оқыту процесінің дидактикалық міндеттерінің басты тұғыры ретінде қарастыру;
оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұндық сипатын өзгерту және педагогикалық мамандықтар бойынша мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің жаңашылдық бағыт алуы;
еліміздің орта мектебін әдіснамалық, құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан қайта құруда зерттеліп отырған мәселенің тұғырлы сипат алуы;
жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін жетілдіруге бағытталған ең жаңа оқыту технологияларына негізделген тәжірибелік, зертханалық сабақтарды, іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізуге тиісті жағдай жасалуы;
жаңа ғасырдағы ұлттық мектебіміздің басты философиялық тұғырнамасы тарихи-ұлттық, рухани-мәдени құндылықтарымызға негізделіп, жаңаша шығармашылық тұрғыда қарастырылып, ұлтымыздың рухани жандануына бағдарлау;
жастарымыздың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда мұғалімдерге, оқушыларға, студентерге, ата-аналарға арналған оқу құралдары мен әдістемелік әдебиеттер шығару;
зерттеліп отырған мәселенің тұғырнамасына сәйкес, мектептерде және колледж, университеттерде ғылыми-семинарлар, мектептерде ата-аналарға арналған әңгіме-кеңестер ұйымдастыру және педагогтарға арналған арнайы курсты кеңінен пайдалану;
оқушының шығармашылығын дамытуда сабақтан тыс шараларды, пәндік үйірмелер мен ғылыми қоғам жұмыстарын жандандыру;
зерттеу проблемасына сәйкес, педагогтарымыз білім жетілдіру курстарында арнайы дайындықтан өткізіліп, ғылыми-әдістемелік жұмыстармен таныстыру;
жеке тұлға шығармашылығын дамытуда электрондық оқулықтар мен бағдарламалар әзірлеу.
Зерттеу мәселесі күрделі және сан қырлы болғандықтан, болашақта мынадай бағыттары ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерделенуі қажет деп есептейміз: 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық құзырлылығын қалыптастыру; жаңа типті мектептерде оқушылардың креативтілігін дамытудың предагогикалық шарттарын айқындау; ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сай жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін қалыптастыру; білім берудің жаңашылдық бағытына сәйкес оқушыға инновациялық-креативті білім беру; 12 жылдық мектептерде оқушылардың шығармашылық әлеуетін рухани-мәдени құндылықтары негізінде қалыптастыру; жаңаша білім беру жағдайында болашақ мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетінде әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру; оқушылардың шығармашылық қызығушылығын дамытуда мектеп пен отбасы тәрбиесінің сабақтастығын жетілдірудің өзекті мәселелері т.б.
Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
а) Монографиялар, оқу құралдары, оқу - әдістемелік құралдар:
Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. Монография. –Алматы: Ғылым, 2003. –144 б. (бірлестікте: Әбілқасымова А.Е.).
Развитие системы общего среднего образования в современном мире. Учебное пособие. –Алматы: Ғылым, 2003. –112 с. (в соавторстве: Абылкасымова А.Е., Ушуров Е.А.).
Особенности процесса обучения 12-летней школы. Методическое пособие. –Алматы: Ғылым, 2003. –40 с. (в соавторстве: Кудайбердиев Т.К., Сариев А.А.).
12 жылдық білім берудің бастауыш буынындағы оқу-тәрбие үрдісі. Әдістемелік құрал. –Астана: 12 жылдық білім беру проблемалары РҒПО, 2003. –46 б. (бірлестікте: Кенеш Ә.С., Дүйсенова Ұ.А.).
Аналитические материалы по эксперименту. Информационно-аналический сборник. –Астана: РНПЦ проблем 12-летнего образования, 2003. –34 с. (в соавторстве: Оразбаева З.Е., Смагулова А.Т.).
Диагностика готовности детей к обучению в 12-летней школе. Методическое материалы. –Астана: РНПЦ проблем 12-летнего образования, 2003. –20 с.
Помощь учителю в организации коллективной познавательной деятельности школьников. Методическое пособие. –Астана: РНПЦ проблем 12-летнего образования, 2003. –40 с. (в соавторстве: Кубенова Ш.И., Хамидуллина Г.М.)
Организация воспитательной работы на начальной ступени 12-летней школы. Методическое пособие. –Алматы: Ғылым, 2003. –56 с. (в со авторстве: Кудайбердиев Т.К., Мустояпова А.С.).
Экспериментальная диагностика работы в классах 12-летним обучением. методическое руководство - Астана РНПЦ проблем 12-летнего образования, 2004. –52 с. (в соавторстве: Абылкасымова А.Е.).
Оқу процесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Әдістемелік құрал. –Астана: Республикалық білім беру проблемалары ғылыми-практикалық орталығы, 2004. –45 б. (бірлестікте: Әбілқасымова А.Е.).
Управление воспитательным процессом в школе. Методические рекомендации. –Астана, 12-летнего образования, 2004. – 25 с. (в соавторстве: Кубенова Ш.И.).
12 жылдық білім беру жағдайында оқу нәтижесін бақылау және бағалау. Әдістемелік құрал. -Астана: 12 жылдық білім беру проблемаларының Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, 2004. –20 б.
Система управления экспериментальной работы по переходу на 12-летнее обучение. Методические рекомендации. –Астана РНПЦ проблем 12-летнего образования, 2005. -70 с. (в соавторстве: Абылкасымова А.Е.).
Учебно-исследовательская деятельность студентов. Учебно-методическое пособие. –Актобе, 2006. –61 с. (в соавторстве: Алекешова Л.Б.).
Мұғалімдердің шеберлік іс-әрекетке әдістемелік дайындығының негізгі бағыттары (Мектепте ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру эксперименттік жұмыстың 1-кезең нәтижесі). –Ақтөбе, 2005. –69 б. (бірлестікте: Алдияров Қ.Т., Кубенова Ш.И.)
Оқушылардың білім сапасын қамтамасыз етудегі ғылыми-педагогикалық қатынас. (Мектепте ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру эксперименттік жұмыстың 2-кезең нәтижесі). –Ақтөбе, 2006. –69 б. (бірлестікте: Алдияров Қ.Т., Көбенова Ш.И.).
Психологиядан тест жинағы. –Ақтөбе, 2007. –57 б.
Образовательная технология: понятия и проблемы. Учебное пособие.–Актобе, 2007. –208 с. (в соавторстве: Сибагатова Г.К., Кубенова Ш.И.).
ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру және кәсіптік даярлау (Ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіруде эксперименттік жұмыстың 3-кезең нәтижесі). –Ақтөбе, 2007. –70 б. (бірлестікте: Алдияров Қ.Т., Көбенова Ш.И.).
12 жылдық мектепте оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқу құралы. –Ақтөбе, 2006. –146 б.
Дарынды тұлға ілімі - өшпес мұра. Оқу құралы. –Ақтөбе, 2007. –180 б. (бірлестікте: Есекешова М.Д.).
Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың дидактикалық негіздері. Оқу құралы. –Ақтөбе, 2007. –191 б. (бірлестікте: Нұрмұханова Г.Е.).
Физикалық география Оқу-әдістемелік құрал. –Ақтөбе, 2007. –81 б. (бірлестікте: Ж.Калмангарина).
Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру технологиясы. Оқу-әдістемелік құрал. – Ақтөбе, 2007. – 191 б.
Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру: теориясы мен практикасы. Монография. – Ақтөбе, 2008. – 370 б.
ә) Ғылыми - әдістемелік мақалалар:
Жақсы істердің бастауы – жаңашылдықта. // Қазақстан мектебі, 2002. –
№6. –Б. 55-56. (бірлестікте: Қаплиева А.).
27 Өзіндік жұмыс – танымдық іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру құралы.
//Хабаршы. Л.Н. Гумилев ат. Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми
журналы. Астана, 2003. –Б. 299-300.
2812 жылдық жалпы орта білім беру құрылымы мен мазмұнын жетілдірудегі өзекті мәселелер //12 жылдық білім беруге көшу эксперименттік оқу-әдістемесін қамтамасыз ету проблемалары. Республикалық семинар-кеңесінің материалдары. –Алматы, 2003. –Б. 7-10.
29 Білім сапасын бағалаудың объективтілігін арттытудың мәселелері //Сапалы білім беру – бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі. Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің материалдары. -Ақтөбе, 2004. –Б. 147-151.
30 Әлемдік білім кеңістігіне бағдар //ҚР білім берудегі дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру жүйесіндегі іске асырылуы. Республикалық ғылыми-практикалық конференция. –Тараз, 2005. –Б. 68-71.
31 Факторы эффективности учебно-образовательного процесса //Интеллектуальная собственность: вопросы теории и практики. Международная конференция. –Оренбург, 2005. – С. 339-343.
32 Потенциальные возможности спецкурса по использованию образовательных технологии //Инновационные педагогические технологии: перспективы применения и развития. Международная научно-практическая конференция. –Актобе, 2005. –С. 103-107. (в соавторстве: Сибагатова Г.К.).
33 Оқытудың шығармашылық қызметін дамытудың өзекті мәселесі //ҚР білім берудегі дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру жүйесіндегі іске асырылуы. Республикалық ғылыми – практикалық конференция. –Тараз, 2005. –Б. 24-27 (бірлестікте: Картекенова Р.С., Сибагатова Г.К.).
34 Оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту – психологиялық-педагогикалық проблема //ХХІ ғасырдағы жоғары оқу орны: жаңа экономикалық жағдайда өркендеу. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. –Ақтөбе, 2006. –Б. 262-267.
35 Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мүмкіндіктері //Қазақстан Республикасының егемендігі – ұлттық заңнаманың даму негізі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. ІІ бөлім.–Ақтөбе, 2006. –Б. 76-81. (бірлестікте: Сыздықов О.С., Нұрмұханова Г.Е.).
36 Оқушылардың оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру проблемасы //Қазіргі білім беру парадигмасы: мәселелері және шешу жолдары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. ІІ том. –Ақтөбе, 2006. –Б. 29-32.
37 Оқыту үрдісінде шығармашылықты дамыту мәселесі //Жоғары оқу орнындағы оқытудың инновациялық технологиялар мен интерактивтік әдістері. Республикалық ғылыми-практикалық конференция. –Орал, 2006. –Б. 36-39.
38 Жеке тұлғаны дамытудағы білім мазмұнын жетілдіруге жаңаша принциптік көзқарас //Қазақстанда азаматтық білімді дамыту: Қазіргі жағдайы және перспективасы. Республикалық ғылыми-теориялық конференция. –Ақтөбе, 2006. –Б. 178-185. (бірлестікте: Алдияров Қ.Т., Көбенова Ш.И.).
39 Сапалы білім берудегі өзекті мәселелер //12 жылдық білім беру жүйесі және жаңа педагогикалық технологиялар. –Ақтөбе, 2006. –Б. 75-77.
40 Білім берудегі дамыту мен жетілдірудің жаңашылдық
стратегиясы // Қазіргі білім беру парадигмасы: мәселелері және шешу
жолдары. Халықаралық ғылыми - практикалық конференция. І том. –
Ақтөбе, 2006. –Б. 54-56.
41Оқыту үрдісінің танымдық қызметін жетілдірудің теориялық тұғырлары //12 жылдық білім беру жүйесі және жаңа педагогикалық технологиялар. Қазіргі білім беру парадигмасы: мәселелері және шешу жолдары. Республикалық ғылыми-практикалық конференция. –Ақтөбе, 2006. –Б. 92-94.
43 Воспитательная работа в условиях 12-летней школы //12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайындағы жалпы орта білім саласындағы жеке тұлғаға бағытталған білім беру: жағдайы, ізденістер, болашағы. Облыстық ғылыми-практикалық конференция. –Актобе, 2006. –С. 4-7 б. (соавторстве: Кубенова Ш.И.).
44 Білім беру жүйесіндегі басты бағдар //Білім кілті. Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал. - Алматы, 2006. –Б. 5-6.
45 Мектепте семинар сабақтарын ұйымдастыру //Әдіскер жаршысы. Ғылыми-әдістемелік журнал, -Ақтөбе, 2006. –Б. 22-23.
46 Туған өлкені оқып - үйрену бағдарламасы /Ақтөбе облысының географиялық даму мәселелері. –Ақтөбе, 2006. –Б. 150-154. (бірлестікте: Айдарова А.З.).
47 Шығармашылық – басты мақсат //Бастауыш мектеп, 2006. -№3.-Б. 30-32.
48 Оқу-танымдық әрекетті белсендіру //Қазақстан мектебі, 2006. -№12. –Б. 35-38 (бірлестікте: Рысбаев Е., Елеубаева Ж.).
49 Оқу үрдісін жетілдірудегі басты бағдар //Қазақстан мектебі, 2006. -№12. –Б. 59-62 (бірлестікте: Көбенова Ш.И.).
50 Шығармашылық – ізденіске жетелейді //Қазақстан мектебі, 2006. -№4.
–Б. 47-49.
51 Шығармашылық дербестікті қалыптастыру //Қазақстан мектебі, 2006. –Б.
23-25.
52 Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар //Бастауыш мектеп, 2006.№4 –Б. 40-42.
53 Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу - өзекті мәселе //ХХ ғасырдағы Қазақ мектебі: даму болашағы. І том.–Алматы, 2006. –Б. 521-528. (бірлестікте: Серғалиева Р.).
54 Білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе // ХХ ғасырдағы Қазақ мектебі: даму болашағы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. –Алматы, 2006. –Б. 238-244.
55 Оқыту әдістерін жетілдіру және қазіргі әдістер // Қазақстан Республикасының егемендігі – ұлттық заңнаманың даму негізі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. І бөлім. –Ақтөбе, 2006. –Б. 192-199.
56 Шығармашылық әрекет – оқу үрдісін жетілдіру құралы ретінде //Жеке білім беруді ұйымдастыру: өзекті мәселелері және оны жетілдіру жолдары. Ғылыми-практикалық конференция. –Ақтөбе, 2007. –Б. 21-28.
57 Төл оқулықтарымыз – болашағымыздың бағдары //Жаңа буын оқулықтары: қазіргі жағдайы, дайындау және басып шығару мәселелері, болашағы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.–Астана, 2007.–Б. 163-167.
58 Оқулықтар мазмұнына халықтық педагогика мұраларын енгізу мәселесі //Жаңа буын оқулықтары: қазіргі жағдайы, дайындау және басып шығару мәселелері, болашағы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. –Астана, 2007. –Б. 167-169.
59 Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктері //Әдіскер жаршысы. Ғылыми-әдістемелік журнал. –Ақтөбе, 2007. -№1. –Б. 6-8.
60 Педагогические и информационные технологии ХХІ века / Реализация стратегии индустриально - инновационного развития РК: проблемы подготовки инженерно - технических кадров. Региональная научно-практическая конференция. –Актобе, 2006. –С. 206-209. (в со авторстве: Алдияров К.Т.).
61 Білім берудегі өзекті мәселе //Қазақстан мектебі, 2007. -№3. –Б. 72-75. (бірлестікте: Алдияров Қ.).
62 Жоғары класс оқушыларының педагогикалық - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуы //Жоғары оқу орында білім берудің жаңа технологиялары: теориясы мен практикасы. І ғылыми-практикалық Халықаралық дистанциялық конференция. –Түркістан, 2006. –Б. 312-318.
63 «Шығармашылық қызығушылық» ұғымының мәні және мазмұны //Мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың философиялық және психологиялық - педагогикалық негіздері. Аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция. –Ақтөбе, 2007. –Б. 20-25.
64 Шығармашылық – оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің сапалық көрсеткіші //Мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың философиялық және психологиялық-педагогикалық негіздері. Аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция. –Ақтөбе, 2007. –Б. 193 –197.
65 Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру – педагогикалық-психологиялық проблема //Жоғары білім – болашақ маманның бәсекеге қабілетті тұлға ретінде дамуының негізі. Республикалық ғылыми-практикалық конференция. -Ақтөбе, 2007. –Б. 28-31.
66 Оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау және бағалау //Мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың философиялық және психологиялық - педагогикалық негіздері. Аймақтық ғылыми - әдістемелік конференция. –Ақтөбе, 2007. –Б. 45-48.
67 Шығармашылық – инновациялық процестің маңызды сипаты. //Мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың философиялық және психологиялық-педагогикалық негіздері. Аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция. –Ақтөбе, 2007. –Б. 135-138.
68 Актуальные проблемы организации учебной деятельности в современной школе //Интеграция стратегия становления профессионала в условиях многоуровнего образования. Международная научно-практическая конференция. –Котлас (Россия), 2007. –С. 491-495.
69 Формирование творческих интересов учащихся в учебном процессе //Интеграция стратегия становления профессионала в условиях многоуровнего образования. Международная научно-практическая конференция. –Котлас (Россия), 2007. –С. 178-181.
70 12 жылдық мектепте оқушылардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру. //Әдіскер жаршысы. Ғылыми-әдістемелік журнал. –Ақтөбе, 2007. -№3. –Б. 3-6.
71 Шығармашылық – жеке тұлғаны қалыптастыру кепілі //Білім берудегі менеджемент, 2007. -№3. –Б. 85-91.
72 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері //«Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауы аясында облыстық тамыз кеңесінің материалдары. –Ақтөбе, 2007. –Б. 16-21.
73 Жеке тұлғаны қалыптастыру - басты мақсат //Білім-образование, 2007. -№3. –Б. 36-37.
74 Мектепте лекция сабақтарын ұйымдастыру //Бастауыш мектеп, 2007. -№3. –Б. 21-23.
75 Actual problems of educational activity organization in modern school. // Социальная психология в образовании: проблемы и перспективы. Международная научно-практическая конференция. -Саратов, 2007. – С. 82-84.
76 Андрагогический аспект учебно-познавательного процесса. //Социальная психология в образовании: проблемы и перспективы. Международная научно-практическая конференция.-Саратов, 2007. – С. 84-86.
77 Білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесін жетілдіру. // Использование информационных и инновационных технологии в системе непрерывного профессионального образования. Международная научно-практическая конференция. –Қызылорда, 2007.- Б. 235-241.
78 Педагогикалық технологиялардың жеке тұлғаны қалыптастырудың мүмкіндіктері. // Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім технологияларының рөлі. Республикалық ғылыми-практикалық конференция. -Алматы, 2007.
79 Технология как способ развития качества образования // Теория и практика управления общеобразовательной школой в условиях обновления. Международная научно-практическая конференция. –Алматы, 2007.- С. 24-27.
80 Жаңарған Қазақстанға – жаңаша білім // Ұлт тағылымы, 2007. -№12.
81 Жеке тұлғаның кәсіби-педагогикалық қарым-қатынасын қалыптастыру // “Дүние” университетінің 15 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Ақтөбе, 2007. – Б.73-77. (Бірлестікте: М.Н.Есенғұлова).
82 Организационные обеспечение управления качеством образовательного процесса // Мониторинг качества учебной работы в системе подготовки педагогов новой формации. Республиканская научно-практическая конференция. – Тараз, 2008. – С. 149-152.
83. Шығармашылық сабақтар – қазіргі мектептерде оқушылардың
шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы инновациялық
процесс // Әдіскер жаршысы. Ғылыми-әдістемелік журнал, 2008. - №1. –
Б. 5-9.
Достарыңызбен бөлісу: |