Күні: 29.04.20
Пән атауы: Педагогика
Сабақтың тақырыбы: Курс жұмысының тақырыбы бойынша зерттелген тәжірибелік материалдарды талдау
Дәріс жоспары:
1. Эксперимент ұғымының мәні.
2. Педагогикалық эксперименттің түрлері
3. Эксперименттің деңгейлері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ғылыми педагогикалык зерттеудің кандай да бір әдіс не тәсілінің педагогикалык тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі -эксперимент.
Эксперимент деп нақты, жағдайды есепке алып, педагогикалык процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалык процестерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен тәсілдерін тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалык жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объекті алынады. Олардың бірі - эксперимент, екіншісі - бақылау объектісі деп аталады. Эксперименттік объектіде, мысалы, эксперимент зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша, ал бақылау объектісінде - әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулыктарға сәйкес жүргізіледі.
Мектеп жағдайында бір топ оқушыларды немесе толық сынып ұжымын, мектептен тыс жағдайда өндірістік топ немесе бригаданы эксперимент объектісі етіп, ал екінші бір топ оқушылардың, немесе толық сынып ұжымын, сол сияқты өндірістік топтың немесе бригаданың объектісі етіп алуға болады.
Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін эксперимент және бақылау топтарындағы, сыныптардағы, бригадалардағы оқушылардың сан және сапа жағынан тендестіріліп алынғаны жөн. Сонымен бірге мұғалімдердің қабілетінің, білім мен өтілінің де шамалас болғаны шарт.
Педагогикалык экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе белсенді эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша екінші бір адам жүргізсе енжарлы эксперимент деп аталады.
Соңғы кезде педагогикалык әдебиеттерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі - табиғи эксперимент - бұл сыныпты, бүкіл ұжымда оқу - тәрбие процесін бұзбай, педагогикалык проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі жағдайда жүргізіледі.
Мектептердегі озат тәжірибелерді зерттеу барысында пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалык ғылыми - зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың немесе оқу бағдарламарының тиімділігіне арналуы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейі.
Тұтас педагогикалык процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі.
Мұны жасампаз эксперименті деп атайды. Эксперимент жасанды жағдайда да жүргізуге болады. Кейде жете бақылау мен тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдай педагогикалык құбылыстарды ұқыптылыкпен бакылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрі лабораториялық эксперимент деп атайды. Әрбір эксперименттің мақсаты зерттелетін тақырыптың сипаты мен мазмұнына, ал мерзімі - мақсатына байланысты.
Әдебиеттер тізімі
1.Ш.Х.Құрманалина. Педагогика-Астана: Фолиант, 2007ж
2. Г.Қ.Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. – Алматы,1995ж
3.Е.Сағындықұлы. Педагогика. –Алматы, 1999 ж
Материалды мына ссылка бойынша жүктей аласыз: http://www.vkgk.kz/
Достарыңызбен бөлісу: |