Өмір мағынасы,кәсіби өзін-өзі анықтау,денсаулық психологиясы Орындаған: Слям Альбина Серғазықызы Қарақат


бермеу – жауап берудің басқа формаларын іздеу; ешкімге көмек беруден бас тартпау т.б. Өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасымен



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі1,73 Mb.
#94233
1   2
Байланысты:
психология слайд

бермеу – жауап берудің басқа формаларын іздеу; ешкімге көмек беруден бас тартпау т.б. Өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасымен
қоса өзін түзету бойынша жоспар құру жұмысын да атап айтуға болады:
ұзақ мерзімге арналған максимум- жопар және қысқа мерзімге арналған
минимум-жомпар (бір күнге, бір жұма неесе бір айға).
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын енді ғана бастаған тәжірибесі жоқ
адамдарға неғұрлым қарапайым жоспар ұсынылады ол үш тараудан тұрады: өзін-
өзі тану және өз білімін көтеру; жоғары оқу орнының оқу материалдарын
игеріп алу; өзін-өзі тәрбиелеу.
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысының мақсатын дұрыс қою үшін өзінің әлсіз
және күшті жақтарын білу керек яғни өзін-өзі толық тану керек. Өзін-өзі
танудың маңызды әдістерінің бірі – өзінің дұрыс және теріс тәжірибесін
сараптау. қиындықтар қателіктерінің төлі тәжірибесі –ең дұрыс оқытушы,
үйретуші, ол қымбатқа түседі алайда, өзінен сабақ алады. Екінші әдісі
өзіңді таны- өзіңді басқамен салыстыр.
Денсаулық психологиясы Денсаулық-физикалық, соматикалық, әлеуметтік және рухани болып, төртке бөлінеді. Ағзада денсаулықтың осы аталған түрлері бірі-бірімен ете тығыз байланыста болады. «Салауатты өмір сүру салты» деген түсінік тек үстіртін көз-қарасқа ғана жарайтын жан дүние болып көрінетіні сөзсіз. Психологиясы сау адам ауруды болдырмауы, ауырған күнде қайтседе одан сауығудың тәсілдерін пайдаланып, одан қандайда болмасын құтылады. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілеттілігіне әсер ететіні, керісінше адамның бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқаттарды өзі ойлап тауып білгір бола кетсе, онда оның психикасының тепе-тендігі бұғылғаны дей бер. Мұндай сырқаттар мен сырқаттанғандарды ядрогендік (өзін-өзі сендіруден болатын сырқат деп түсіндіреді. Кейбір жағдайларда ауыр күйзеліс жағдайды басынан еткізген немесе қатты ренжіген адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы айтылғандардың бәрі дене (ағза) саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтын керек екенін аңғартады. Сырқаттанған адамның көңіл-күйін көтеру, оның көңіліне (психикасына) жазылып кетемін деген психикалық ой-пікір тудыру, бұл дәрі-дермектерден артық баға жетпес дүние. Сонымен бірге сырқаттан жазылуына рухани сенім тудырып, көңіл-күйді көтере түседі. Ағзада ерекше қарсылық күші пайда болады. Яғни ерекше түрде дамыған жасырынып жатқан ағза күші ояна кетеді. Иммунитет дами түседі.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректеріне қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады. Сондықтан күнзелістің тетік-тегершігін анықтау, онын, мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның зиянды әрекеттерінен аулақ болу керек. Күйзеліс ағзаның қорғаныс функциясында атқарған Г. Сельменің айтуына қарағанда, "күйзеліссіз өмір өлі". Ол эксперимент жүргізу үшін егеуқұйрықтарды алып, оларды үш топқа белген. 1-топтағы егеуқұйрықтарды үнемі күйзеліссіз жерде, тыныштықта ұстаған, ал екінші топтағы егеуқұйрықтарға қысқа мерізімді күйзеліс тудырып отырған.
Үшінші топтағы егеуқұйрықтарға үздіксіз күйзеліс тудырған. Осының нәтижесінде: екінші топтағы жануарлар ұзақ жылдар бойы елместен тіршілік ете берген. Осындан келіп үлкен қорытынды жасаған. Қандайда болмасын күйзеліс қажет екендігін дәлелдеген. Күйзеліс кезінде ағза көптеген гормондарды адреналин мен норадреналинды бөліп шығарады екен. Адамның қобалжуы денедегі адреналиннің көп мөлшерде бөлініп шығуына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет