механикалық энергияның әсерінен тері жарақатынсыз ішкі мүшелер мен тіндердің жаралануы. Мұнда паренхиматозды, куысты мүшелер, және ірі қан тамырлардың зақымдануларын ажыратады. Іштің немесе құрсақтың жарақаттық зақымдануларын ашық және жабық деп бөледі. Жабық зақымданулар тікелей жарақат ( алдыңғы құрсақ жақтауына қатты затпен соққы ), сондай-ақ жанама жарақат ( биіктен құлау ) нәтижесінде болады. Енулі жарақаттардың клиникалық біліністері құрсақішілік ағзалардың зақымдану сипатына тікелей тәуелді келеді. Паренхиматозды ағзалар жарақаттанғанда күшті құрсақішілік қан кету болады, қуыс ағзаның зақымдануы перитониттің дамуына жетелейді.