Өмірбаяны : оқитын Медғат Есенгелдин



бет1/5
Дата06.02.2022
өлшемі43,5 Kb.
#54531
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4   5

Бір ел – бір кітап акциясы аясында Фариза Оңғарсынованың
«Дауа» атты кітабынан әдеби-сазды кеш

Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ,поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың өмірімен шығармашылық еңбектерімен таныстыру.Ақынның жыр жинақтарын оқушы назарына ұсыну. Ақын шығармалары арқылы ұлттық намысты ояту, адалдықты, шындықты,сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: кітап көрмесі, портреттер,слайд.

1- жүргізуші :Қайырлы күн әдебиет сүйер қауым және жиналған қонақтар!


Бір жырыңызбен ғашық та қылдың, сағынттың,
Кіріптар қылдың ,кірпияз еттің ,бағынттың.
Жасандылықтың құлы боп жүрген жандарды,
Табиғат деген тәңірге ғана табынттың.

Бүгінде ақын көп. Ақынның көп болмағы әдебиет үшін табыс.Бірақ осы өлеңдердің қалай оқылып жатқанын , ешкім саралап жатпаса да уақыт атты , тамаша таразы бар. Жүректен шыққан туындыларды халық жүрегіне жеткізетіні белгілі. Ұлттық поэзия бағының шоқ гүлдерінің ішінде отты жырларымен дараланған Қазақстанның халық жазушысы , Мемлекеттік сыйлықтың иегері , көрнекті ақын, ірі тұлға , біртуар суреткер Фариза Оңғарсынова.


Өмірбаяны : оқитын Медғат Есенгелдин
2-Жүргізуші: Жастайынан әкесінен қалған , Фариза әкесінің аялы алақанын аңсап ,»Әке туралы ой»- деген өлеңінде мына шумақтарды кездестіруге болады.

Бақытты балғын сәбилер бүгін


Жетелеп жүрсе әкесін,
Қызыға қарап ,күрсіне қарап
Жанынан үнсіз өтесің.
Алаулап тулар ,алқызыл тулар,
Жарқылдап жеңіс жұлдызы,
Жан әкем бірақ оралмай кетті,
Көре алмай кетті ұл-қызын.
Ақынның анасы- Халима ана 20 жасында балаларын құшақтап жалғыз қалды.
Кеудемде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінеки мен де ер жеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын
Аяулым сенсің, анашым! -өлеңін оқитын
1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова адамның бой сұлулығымен қатар, ой сұлулығын» таба білген ақын.
Ол «Біреудің пасықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде, жаным мұздаған кезде, мен сені аялаймын»- дейді. Өз өлеңдерін дәл өзі айтқандай пана, қамқор, дос тұтты. Ақын өлеңнің бал-шырынына тамсанады. Соның ләззатына да, азабына да мойын ұсынды. Ақын поэзияны « дара күндерінің, нала түндерінің серігі» санайды. Ол-ерлік пен биік рухтың өлеңі, үнінде өрлік, асқақтық бар, дүниетанымы кең, ақындық бояуы қ((анық, қайратты да қайсар Фариза жыры әрқашан жүрегіңе тиеді, сезіміңді қозғайды, жаныңды байытады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет