Ырзамын тағдырыма сен арқылы ,
Махаббат деген күшті сезіндірген.
Махаббат жырлары ,адамға арналған -ардақтылық, қымбаттылық жағынан ақ сүтін берген , ақ бесігін тербеткен анамен қатар теңеген.
Көрініс: « Махаббат мұңы»
Келесі кезекте «Шаршадым жүрегіме әлім келмей» өлеңін оқитын 9-сынып оқушысы
Құрмашева Жанерке.
1-жүргізуші:Фариза жырларын оқыған сайын көз алдымызға құзарт шыңның басына қонақтаған жаннат алқаптағы мұңлы шынар мен кәусар бұлақтың сұлулығы мен мөлдірлігі келеді. Фаризаның тек бір әулет, бір әмбенің мақтанышына айналдырғандай сирек бақытқа ие болуының ең бастысы да тарихпен тамырлас, халықпен тағдырлас жандардың ғана несібесіне бұйыратын адамгершілік шалқарынан бастау алып жатқан жан мөлдірлігіне лай түсірмей жүре ала білгендігінде шығар. Оның жырларындағы тұңғиық, тереңдік пен айна көлдей айқындықтың, қас қайнары. Өткеннің өзек өртер өкініштерімен келер күннің үміті үздіктірер пәк арманы болса керек.
Сіздердің назарларыңызға « Ойламадың сен мені, еске алмадың» өлеңін оқитын Қыдырова Ажар.
Достарыңызбен бөлісу: |