«Маңғыстау монологтары» және «Революция және мен» өлеңдері.
Сіздердің назарларыңызға «Революция және мен» өлеңін ұсынамыз. Оқитын 9-сынып оқушысы Бейсембаев Дидар.
1-жүргізуші:Фариза Оңғарсынованың туындылары қазақ әдебиетіндегі қыз-келіншектер шығармашылығының өсіп өркендеуінің биік сапалық деңгейге көтерілген.
Ақын әйел затына тән дәрменсіздікке , шарасыздыққа бой ұрмайды. Ол біріншіден, намысын биік ұстаған, арын ту еткен,Отанын, ауылын, адамды жүрегімен ақтарыла сүйетін азамат, екіншіден өмірдің әрбір құбылысын , өз қоғамындағы әр қыз балаға ,әйелге тән сезімдері еш бүкпесіз, бояусыз жеткізе білген ақын.
Фаризаның әлемі қарапайым да күрделі шығармаларының қазығы –халық тағдыры,қуанышы мен қайғысы.
Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев : «Фариза, Фариза жан,Фариза қыз! Дүниеде ақындардың бәрі жалғыз» ,-деп бекер айтпаған. Фариза ақын талайымен емес , талантымен жалғыз.
Сіздердің назарларыңға «Өмір» атты өлеңін ұсынамыз.Оқитын 9-сынып оқушысы Бейсембаева Ақерке.
2- жүргізуші: Фариза Оңғарсынова махаббат жырларын барлық жанымен , аспан қандай шексіз болса, ғашықтық құдіретін сездірген адам да сондай шексіз деген.
Достарыңызбен бөлісу: |