Сөж тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің жағдайына swot-талдау Орындаған: Абусайл Нурмухаммед Аманғали Ислам Булут Арайлым Жаксылык Диана Еркін Жұлдыз Гайнуллина Жібек Тексерген: Арын Дүйсенкүл Алматы, 2021ж



бет1/3
Дата27.01.2022
өлшемі66,34 Kb.
#129997
  1   2   3
Байланысты:
SWOT-талдау


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Экономика және бизнес жоғары мектебі»

Кафедрасы «Қаржы және есеп»

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің жағдайына SWOT-талдау

Орындаған: Абусайл Нурмухаммед Аманғали Ислам Булут Арайлым Жаксылык Диана Еркін Жұлдыз Гайнуллина Жібек Тексерген: Арын Дүйсенкүл

Алматы, 2021ж

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің жағдайына SWOT-талдау

Әлеуметтік кәсіпкерлік дегеніміз-бұл кәсіпкерліктегі өзгерістерді, жаңашылдықтарды әлеуметтік миссиямен орындайтын және әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерліктің түрі. Басқаша айтқанда, қоғамда қалыптасатын әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған бизнес түрі. Экономикада әлеуметтік кәсіпкерлік енді ғана пайда болып, даму үстінде. Ел экономикасы үшін маңызы зор болғандықтан, көптеген елдер осы әлеуметтік кәсіпкерлікті алға тартады. Қазақстанда да әлеуметтік кәсіпкерлікке өте көп көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N2096 Қаулысына сәйкес “Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы” Заң қабылданды. Әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі мақсаты-бір өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыру есебінен халықтың өмір сүру деңгейінің өсуіне жәрдемдесу болып табылады.



S(strengths)

- жоғары инновациялық белсенділік, ойлаудың инновациялылығы;

- жоғары ұтқырлық, тәсілдердің икемділігі, жаңа нарықтарды

игеру бойынша реакцияның жылдамдығы;

- өндірістің және нарықтың өзгермелі талаптарына сәйкес өзінің

кәсіпкерлік білімі мен дағдыларын жүйелі түрде жаңарту мүмкіндіктерінің

жоғары деңгейі;

- жастар кәсіпкерлікпен ілесе жүретін жоғары еңбек және жүйке

жүктемелеріне төтеп бере алатын әлеуетті қабілеті қызмет , әсіресе оның

бастапқы кезеңінде;

- жастардың тәуекелге бейімділігі.



W(weaknesses)

-даму жоспарларының бекітілмеуі және соның салдарынан инвестицияларды іске асыруда жүйеліліктің болмауы, нақты мамандандырылудың болмауы;

-шығындардың көп болуы;

-жобалардың оңтайлы емес және ауқымды салалық диапазоны, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар берген әлеуметтік бағдарланған кәсіпорындардың болуы және соның нәтижесінде әлеуметтік кәсіпкерлік күш-жігерінің "бекер жұмсалуы", салалық білімнің ұлғайтылмауы;

-үкіметтің жекелеген бастамаларын (микрокредит беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері және басқа да іс-шаралар бойынша) іске асыруға қатысу, қаржылық шығасылар және тәуекелдердің барабар болмауы;

-әлеуметтік кәсіпкерліктің жеткіліксіз капиталдандырылуы (коммуналдық меншіктегі коммерциялық бағдарланған кәсіпорындарды беру; инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылымдық желілермен қамтамасыз етілген жер учаскелерін әкімдіктердің беру қажеттілігі);

-инвестициялық мүмкіндіктерді іздестіруде әлеуметтік кәсіпкерлік белсенділігінің жеткіліксіз болуы;

-корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуы;

-компанияның нәтижелілігін бағалаудың нақты критерийлерінің және персоналды ынталандырудың тиімді жүйесінің болмауы;



-активтерді басқаруда және инвестициялық шешімдер қабылдауда тәжірибенің жеткіліксіздігі және соның салдарынан инвестициялық портфель сапасының төмен болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет