Өмірдің МӘні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы


ТҰЛҒА ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ



бет8/17
Дата08.04.2022
өлшемі72,92 Kb.
#138393
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
7-8 лек

ТҰЛҒА ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ


Жоспар

  1. Денсаулық психологиясы - адамның социумда толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті жаңа ғылыми ұғым ретінде.

  2. Психологиялық денсаулықтың негізгі сипаттамалары. 3.Психологиялық денсаулықтың басты критерийлері.

4.Психологиялық денсаулық бұзылуының типологиясы.

Денсаулық психологиясын отандық психологияда жаңа және дербес ғылым саласы ретінде енді ғана қалыптасып келеді. Бірақ негізгі мәселе ретінде тұлғаның психологиялық денсаулығы мәселесі ғалымдардың қызығушылығын ертеден-ақ туғызды.


Осы мәселеге көпшіліктің назарын аударуда еңбек сіңірген ғалым академик Владимир Михайлович Бехтерев (1857-1927) болды. Жалпы ХХ ғ. психологияның денсаулықты сақтауда, психика мен дене арасындағы арақатынасқа деген көзқарасты өзгертудегі рөлі арта түсті. 1930 жылдары көптеген ғалымдар адамгның эмоционалдық жағдайымен физиологиялық процестері арасында өзара байланыс бар екеніне көздері жетті. Осы бағыттағы зерттеулер жаңа ғылыми саланың психосоматикалық медицинаның пайда болуына негіз болды.
1970 жылдың басында аурудың этиологиясын зерттеуде психологияның ролін анықтайтын жаңа ғылыми сала қалыптасты. Бұл сала мінез-құлық (бихевиоральдық) медицина деген атау алды.
Мінез-құлық (бихевиоральдық) медицина ауруларды емдеумен ғана емес аурудың алдын алу мәселесімен де айналысты.
Денсаулық психологиясы – денсаулықтың психологиялық себептері туралы, оны сақтау мен нығайтудың әдістері мен құралдары және нығайту мен дамыту туралы ғылым. Оның зерттеу объектісі «дені сау» тұлға болып табылады
Қазіргі заманғы тәжірибелік психологияға қажеттілік түсінігіне тығыз жақындады және адамның бүкіл өмірінде психологиялық жетелеуде тапсырмаларды шешуге дайын. Сондықтан айтылғандарды жалғастыра отырып, денсаулық психологиясын адам денсаулығын оның өмір сүру кезінде психологиялық қамту жайлы ғылым ретінде анықтауға болады.
Денсаулық психологиясы адамның барлық өмір бойына денсаулығын психологиялық сақтау ғылым ретінде келесі міндеттерді шешеді:

      • денсаулық психологиясының негізгі ұғымдарын анықтау;

      • психикалық және әлеуметтік денсаулық белгілерін (критерилерін) жүйелеу;

      • психикалық және әлеуметтік денсаулықты диагностикалау, бағалау мен өзін-өзібағалау әдістері;

      • денсаулықты және аурудың алғашқы кезеңдерін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беретін қарапайым және қол жетімді тестерді жасау;

      • салауатты өмір салтының факторлары (денсаулықы қалыптастыру, сақтау және нығайту);

      • денсаулыққа деген қатынасқа әсер ететін факторларды зерттеу;

      • дұрыс мінез-құлықтың психологиялық механизмдері;

      • денсаулықтың ішкі бейнесін қалыптастыру;

      • даралық дамуды түзету;

      • психикалық және психосоматикалық аурудың алдын алу;

      • тұлғаны ауырар алдындағы жағдайын зерттеу және оның алдын алу;

      • дені сау тұлғаның концепциясын жасау;

      • өзін-өзіжүзеге асыру, өзін өзі жария ету үшін, тұлғаның шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін ашатын жолдарды және жағдайларды анықтау;

      • күйзеліске қарсы психологиялық механизмдер;

      • денсаулықтың әлеуметтік-психологиялық факторлары (отбасы, демалысты ұйымдастыру, әлеуметтік бейімделу, қарым-қатынас және т.б.);

      • психикалық және әлеуметтік денсаулықтың гендерлік аспектілері;

      • адамның денсаулығын, жыныстық, жас ерекшеліктік, тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып жеке дара бағдарланған денсаулық сақтау бағдарламаларын жасау;

      • балалар мен оқушылардың денсаулық психологиясы;

      • кәсіби денсаулықты психологиялық сақтау;

      • ұзақ өмір сүру психологиясы, психикалық қартаю белгілері және оның алдын алу;

      • өмірлік жолы аяқталар шақта психологиялық көмек көрсету.

Денсаулық психологиясы бойынша әдебиеттерді талдай отырып денсаулықпен және аурумен байланысты психологиялық факторларды үш топқа бөлуге болады: тәуелсіз, берілетін және мотиваторлар.
Тәуелсіз, немесе алғышарт болушы факторы - денсаулықпен және аурумен тығыз байланысты көрсетеді. Олар тұлғалық сипаттамаларды және мінез-құлық ерекшеліктерін, сондай-ақ адамның барлық когнитивтік, демографиялық және әлеуметтік қорларын қамтиды.
Тәуелсіз факторлардың ішінен мыналар ажыратылады: а) денсаулыққа немесе ауруға бейімдейтін факторлар; б) когнитивтік факторлар; в) әлеуметтік орта факторы; г) демографиялық факторлар.
Берілетін факторлар әр түрлі стрессорларға қарсы жауап ретінде пайда болатын мінез-құлықтың ерекше түрлері. Бұл топқа кіреді:

  • әр түрлі деңгейдегі мәселелерді қабылдау (копинг) (мәселені және стрессорларды уайымдау және реттеу, өзін-өзі реттеу және т.б.).

  • заттарды қолдану және асыра пайдалану (тағам өнімдерін, дәрілерді, алкогольді, никотинді және т.б.), бұл денсаулық психологиясында сыртқы стрессорларды және ішкі мәселелерді жеңу мен реттеудің страгегияларының бірі болып табылады, бірақ бұл денсаулық үшін теріс нәтиже береді.

  • денсаулыққа ықпал ететін мінез-құлық түрлері (физикалық белсенділік, экологиялық ортаны таңдау және жалпы өзін-өзісақтау мінез-құлықтары).

  • денсаулықты жақсарту және оны қолдау ережелерін сақтау. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері және денсаулық. Негативті ойлар дененің органдарына қиратушы ықпал етеді.

Көптеген зерттеулер нәтижелері тұлға қасиеті денсаулыққа әсер ететін маңызды фактор екенін көрсетті. Әр түрлі авторлардың мәліметтерін жалпылай келе В. И. Гарбузов психосоматикалық ауруларға бейімділігі бар адамдардың бітістерін топтастырды. Сонымен мына типтерге ауру қауіпі бар:

  • белсенді, бірақ өте тәкәппар, өзіне жауапкершілікті көп артатын, өзіне өзі жоғары талап қойғыш, борыш, жауапкершілік сезімі жоғары адамдар;

  • қайырымдылығы педантылыққа дейін жететін, тік сөйлейтін, ешбір ымыра келмейтін, қоршаған орта тарапынан берілген бағаны аса ауыр қабылдайтын адам;

  • теріс эмоцияға зейін қоюға, өзін кінәлауға бейім, тұйық, өз эмоцияларын тұншықтыруға дейін қатаң қадағалайтын адамдар;

  • жаңа өзгермелі жағдайға жылдам бейімделетін, сәтсіздікке, қолайсыздыққа, басқалар тарапынан туған агрессияға деген қатынасы тұрақты емес, өте жаны жараланғыш, мазасыз, басқалардың ығына көнгіш адамдар;

  • өз эмоцияларын, тілегін, қарсылықтарын сөзімен білдіре алмайтын, өз жағдайын терең түсіне алмайтын адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет