Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады: - Декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;
- Селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;
- Агрегаттау– жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.
Эмпирикалық зерттеу әдістері:
Қорытынды Жоғарыда сипатталған ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әр түрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай -ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді