Ғылыми зерттеулердің әдістері мен әдістемесі: зерттеу әдістерін таңдау және негіздемелеу, зерттеу әдісін таңдау критерийлері, денсаулық сақтауда ғылыми зерттеуде қолданылатын әдістер Өмірзақ Аруназ
Зерттеу құралдарына:
- Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі.
- Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.
- Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.
- Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.
- Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.
Зерттеу әдістерін таңдаудың жалпы критерийлері:
- -Объектінің, пәннің, жалпы зерттеудің мақсаттарына, жинақталған материалдарға сәйкестілігі;
- -Ғылыми зерттеулердің заманауи принциптеріне сәйкестігі;
- -Прогностикалық, яғни таңдап алынған әдіс жаңа және сенімді нәтижелерге әкелетіндігі;
- -Зерттеудің логикалық кезеңіне сәйкестігі;
- -Басқа әдістермен күрделі өзара байланыс.
Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді.
Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады.
Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |