Бүгінде ислам дініне күйе жаққысыкелетін елдер бар екені жасырын емес. Әлем жұртшылығы исламнан үрке қарайтындай жағдайға жеттік... – Иә, соңғы жылдары «Араб көктемі» деп аталатын Араб елдеріндегі түсініксіз көтерілістер адамның санасын сан саққа жүгіртіп тастады. Ливия өзінің асыл ұлы саналатын Каддафидіөз қолымен ажалға байлап берді.БүгіндеАраб елдері бұрынғы мамыражай күндерінен айырылып, қиын-қыстау кезеңді бастан өткеріп жатыр. Соңғы жылдары ислам атын жамылған ДАИШ содырлары мұсылманды әлемге жауыз етіп көрсетуде. Бұл аз болғандай шиттер мен сунниттердің арасында қырғи қабақ қарым қатынас туды. Міне, осындай жағдайлар ислам дінінің бейбітшіл дін екеніне көлеңке түсіріп тұрғандай. Еуропа жұрты жойқын жарылыстардың барлығын мұсылмандар жасап жатыр деген пікірде.
–