Өмірзақ озғанбаев: Қазақтың іздейтін жоғы көп



бет1/5
Дата05.02.2022
өлшемі52,62 Kb.
#7764
  1   2   3   4   5

26.04.2016
e-islam.kz
Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ: Қазақтың іздейтін жоғы көп
Сіз Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінен бөлек ҚМДБ жанынан құрылған ақылдастар алқасының мүшесісіз. Осы ақылдастар алқасының жұмысы туралы айтып өтсеңіз...
–Ардагерлер ұйымына басшылыққа келгеніме үш жылдай уақыт болды. Келгендегі ең бірінші жұмысымды Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлымен кездесуден бастадым. Арнайы Алматы қаласына барып, алдағы уақытта бірлесіп атқаратын шаруаларды пысықтадық. Бұған дейін дін мамандары келгендерге құран оқып, мешітте ғана отыратындай көрінетін. Шындығында бұл қате пікір. Негізі имамдар теолог ғалым болып, жастар мен ардагерлердің арасында ғибратты әңгіме айтып, қараша халықтың діни сауатын арттыруы керек. Нақтырақ айтсам имамдар Алланың жолындағы белгілі тұлға болуы қажет.
Жақында ҚМДБ «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбында үлкен конференция өткізді. КонференцияғаҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мүшелері, дін қайраткерлері мен еліміздегі зиялы қауым өкілдері қатысты. Мен де сол шараға қатысып өз пікірімді білдірдім.
Конференцияның барысында зайырлы қоғамдағы мемлекет пен дін арасындағы өзара байланыстың орны, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, еліміздегі мұсылмандарының біртұтасты, рухани құндылықтарды насихаттау осының барлығы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, «ХХІ ғасыр имамы», «Қазіргі заманның үздік 500 ағартушы имамы» атты жобалар жастардың теріс жолға түсіп кетпеуі үшін, қазақы болмысымызды сақтап қалу үшін аса қажет жобалар деп білемін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет