Кейінгі кезде ас беруге қарсы болып жүрген азаматтар бар. Олардың айтуынша өмірден өткен адамға ұлан асыр ас берудің қажеті жоқ. Бұл пікірге сіз не дейсіз?
Кейінгі кезде ас беруге қарсы болып жүрген азаматтар бар. Олардың айтуынша өмірден өткен адамға ұлан асыр ас берудің қажеті жоқ. Бұл пікірге сіз не дейсіз? – Иә, рас, ас беруде ысырапқа жол бермеу керек. Ислам дінінде ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Алайда, ас беру әрбір адамның жеке құқы екенін естен шығармаған жөн. Сол арқылы адамдар өзінің ата-бабасын еске алып, ұрпағын тәрбиелейді. Мысалы, қазақ жас баладан жеті атасын еріккеннен сұрамайды. Мұның астары бар. Өзінің шыққан тегін білмеген адамнан көп үміт күтуге болмайды.
Алайда ас берудің негізгі мақсаты ас ішіп, аяқ босату емес. Аста ағайын туыс жиналып, елдік мәселелерді шешетін болған. Нақтырақ айтсам хан сайлаудан бастап ел ішіндегі әртүрлі дау-жанжалдар осы аста шешіліп отырған. Сондықтан ас беру еріккенің ермегі емес екенін есте ұстаған жөн.
– Өзіңізде естіп жүрген шығарсыз, ақсақалдарға деген көңіл толмаушылық бар. Аузы дуалы қария қалмады деп жатады. Шал мен қарттың, ақсақал мен абыздың ара жігін ажыратын беріңізші? – Жалпы көңіл толу дегеннің өзі салыстырмалы ұғым. Кезіндежастар ақпараттардың көбісін аузы дуалы ақсақалдардан алынатын. Ал бүгінгі қоғам– технология дамыған, ақпаратқа бай қоғам. Бұрын жастар күн-түн демей қарттардың өнегелі әңгімесін тыңдайтын. Ал қазір ақсақалдың өнегелі әңгімесін тыңдауы тиіс жастардың құлақтары тығындаулы жүр. Шын мәнісінде жастар өзі тыңдап отырған әннен баса ештеңе естіп отырған жоқ.
Алайда, заманның ерекшелігін де ескеру керек. Жақында «Әкеге барып сәлем беру» деп аталатын сурет көрдім. Қарияның алты баласы әкесімен амандасып боған соң, барлығы ұялы телефонына шұқшиып әкесін жападан жалғыз қалдырады. Біле білген адамға ақсақалдың балаларына айтар әңгімесі көп. Бірақ, балалары ұялы телефонның қызығына түсіп әкесін ұмытып кетті. Міне, қазіргі қоғамның көрінісіосындай.
–Қазіргі қоғамдағы қандай мәселе сіздіжиі толғандырады? –Мені толғандыратын ең басты нәрсе ата-бабамыздың салт-дәстүрін сақтап қала аламыз ба, жоқ па? деген мәселе толғандырып жүр. Дүниежүзінде жаһандану процессі жүріп жатыр. Ал біздің жаһандануға қарсы қоятын басты құралымыз ата-бабамыздың мәдениеті, дәстүр-салты мен тарихы болмақ. Сондықтан да, біз атадан қалған асыл қазынамызды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Ұлтымыздың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ халқы жоқ іздеген халық» деп айтқан екен. Ақаң айтқандай қазақтың іздейтін жоғы өте көп. Ол жоқтардың бірі – жақсы білім, дүниедегі ең озық техниканы меңгеру болып тұр.