Қараөзек бастауыш мектебі
« Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбы бойынша өткізілген жұмыстарға ақпарат.
2015-2016 оқу жылы.
Бүгінгі таңда елімізде ең күрделі мәселесі «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» . Мектепте осы тақырып бойынша әртүрлі жұмыстар өткізілді..Әр сыныптарда тақырып бойынша сынып сағаттары,оқушылармен сұрақ-жауап әдістері ұйымдастырылып өткізілді.Сонымен қатар ата-аналармен де осы тақырыпта жиналыс өткізілді. Ата-аналарға тақырып бойынша видиолар мен слайттар көрсетілді. Үйде де балаларға ескертіп отырулары кажет екендіктері айтылды.
Оқушыларға «экстремизм,терроризм» терминдеріне түсінік беру, отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа ,мейірімділікке баулу ,имандылыққа тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан оларға «терроризм» ұғымын олардың ойлау деңгейіне сәйкес түсіндіреміз. Бейтаныс адамдардың машинасына отырмауды, біреудің «кәмпит, ойыншық беремін» деуіне алданбауды, террористердің қауіпті екенін түсіндіреміз. Олардың барлық нәрсеге баратынын, ешкімді де аямайтындарын айтамыз. Бұндай адамдар еліміздің бейбітшілігін жоятындығы туралы айтылады. Әртүрлі жерлерге бомба қойып, жарып жібереді. Жалғыз жүруге болмайды.
Баяндама
Экстремизм терминін қазақ тіліндегі мағынасын түсіндіріп кететін болсақ: Экстремизм латынның extremus – деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, ақырғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады. Экстремизм бұл ілім немесе ғылым емес. Ал өмірде радикалды саяси ілімдер, саяси ұғымдар, түсініктер жиі кездеседі. Олар бірте-бірте кең етек алып, күш жинап, нақты практикалық әрекетке ұласады, яғни террорға, ұйымдасқан бандитизмге, қарақшылық қылмыс жасауға барады. Осы бір келеңсіз жағдайлардың кесірінен қаншама бейкүнә жандар қаза табады. Адамның өмірі адам үшін ең қымбатты қазына болып саналады, осы қымбат қазынадан айыруға ешкімнің құқығы жоқ! Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған бұл індетті материалдық қана емес, рухани мешеуліктің, адамдар бойындағы гуманистік сезімдердің тұрпайылануының салдары деп ұғынған жөн. Сондықтан да бұл ғасыр қасіретімен күресте осыны басты назарда ұстауымыз керек.
Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы оқушыларды көбірек хабардар етіп отыру қажет.
Елбасымыз да осы келген қатерге көп көңіл бөліп отыр. Баяндаманың соңында елбасысымыздың мына бір сөзін айта кеткіміз келіп отыр.
«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда
ертең бірлігімізге сызат түседі.Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»
Мектеп меңгерушісі: Серғазинова З.Қ
|
|
|
|
|
|
|
Наменавания школ
|
Кол-во
кл.часов,круг столов,
встреч.
|
Кол-во родит.соб
|
Охват
детей
|
Освещение
СМИ
|
Караузекская НШ
|
3
|
1
|
7
|
0
|
Мектеп меңгерушісі: Серғазинова З.Қ
Достарыңызбен бөлісу: |