Он тоғызыншы қараша Сынып жұмысы Ғажайып ағаштар



Дата13.10.2023
өлшемі282,09 Kb.
#185157
түріСабақ
Байланысты:
5 қазақ тілі Бал

Қарашаның жиырма екісі Сынып жұмысы Ғажайып ағаштар

Сабақтың оқу мақсаты

  • 5О1 - Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді, анықтайды;
  • 5Ж6 - Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзетеді және редакциялайды;
  • 5ӘТН 3 - Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады;

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі ақпараттарды түсінеді; анықтайды;
  • Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзетеді;
  • Синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады;

Оқылым тапсырма

«Миға шабуыл» әдісімен сұрақтарға жауап беру

  • 1. Мәтіндерге қандай ортақ тақырып қоюға болады.
  • 2. Нанды қандай өсімдіктерден алады?
  • 3. Адамдар қай жануарлардың сүтін пайдаланады?
  • 4. Халық арасында нан мен сүтті қалай атайды?
  • 5. Мәтіндегі «Ағашты сауу» деген тіркес дұрыс па? Бұл сөз қандай мағынада қолданылған?
  • Дескрипторы:

  • Мәтінді оқып, өз ойларын ортаға салады;
  • Сұрақтарға жауап береді;
  • «Ағашты сауу» деген сөз тіркесінің мағынасын табады;

2-жаттығу. Жұптық жұмыс

  • Қою қаріппен берілген сөздердің синонимдерін тауып жазып, бірнеше сөйлем құрау.
  • Дескрипторы:
  • Қою қаріппен берілген сөздердің синонимдерін табады;
  • Тапқан синонимдеріне сөйлем құрайды;

Тыңдалым және айтылым

«Алматының қақ ортасында ғажайып ағаш өсуде» бейнежазбасын тамашалап, пікір таластыру.

Дескрипторы:

  • Бейнежазбаны тамашалайды;
  • Пікір таластырады;

Топтық жұмыс

Мәтіннен орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздер мен сөз тіркестерін анықтау. Қателерді орфографиялық нормаға сай түзету.

  • Дескрипторы:
  • мәтіннен орфографиялық нормаға сай емес сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;
  • қате жазылған сөздер мен сөз тіркестерін
  • орфографияға сай түзетеді;
  •  

Жеке жұмыс. Жазылым тапсырма. 4-жаттығу

Көп нүктенің орнына қосымшаларды орфографиялық заңдылықтарды сақтап жазып, себебін түсіндіру. Дескрипторы:

-көп нүктенің орнына қосымшаларды қояды;

- орфографиялық заңдылықты сақтап жазады;

  • себебін түсіндіреді;

4-жаттығу

  • «Шағатын» түкті жапырақтары өсімдіктерді аш жануарлардан қорғайды. Қап-қатты жапырақтарды жануарлар шайнай алмайды. Тікенектері жануарларды өздерінен алшақ жүруге мәжбүр етеді. Кермек дәмі өсімдіктерге жануарлардың екінші рет жоламауына кепіл болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет