Люксметрлердің метрологиялық аттестациядан және тексеруден өткені туралы куәліктері болуы керек. Люксметрлермен жұмыс істеу кезінде келесі талаптардың сақталынуы тиіс
Люксметрлердің метрологиялық аттестациядан және тексеруден өткені туралы куәліктері болуы керек. Люксметрлермен жұмыс істеу кезінде келесі талаптардың сақталынуы тиіс:
Люксметрлердің метрологиялық аттестациядан және тексеруден өткені туралы куәліктері болуы керек. Люксметрлермен жұмыс істеу кезінде келесі талаптардың сақталынуы тиіс:
фотоэлементтің қабылдау табақшасы жұмыс беткейінде оның орналасу жазықтығында (көлденең, тік, еңкіш) орналастырылуы тиіс;
фотоэлементке жабдықтардан және т.б. кездейсоқ көлеңкелер түспеуі керек.
Жарықтықты өлшеу, тікелей жарықтық бірліктерінің көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік беретін «ТКА-04/3» люксметр-яркомердің, «Аргус-02» және т.б. яркомерлердің көмегімен тікелей әдіспен жүргізіледі.
Құрылыстық жарықтандырудың қолдануда бар нормалары (ҚНмЕ 2.04.05-2002) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық нысандарының табиғи, бірлестірілген және жасанды жарықтандырылуына қолданылады.
Т а б и ғ и ж а р ы қ т а н д ы р у – сыртқы қоршамалы құрылымдардың жарықтық ойықтары арқылы енетін аспан жарығымен (тікелей немесе шағылысқан) бөлменің жарықтандырылуы. Бұл жарықтандырылудың келесі түрлері болады: а) жоғары – шатырдағы жарықтық ойықтар арқылы; б) бүйірлік – сыртқы қабырғалардағы терезелер арқылы; в) үйлестірілген – жарықтық ойықтар мен терезелер арқылы.
Б і р л е с т і р і л г е н ж а р ы қ т а н д ы р у– нормалар бойынша жеткіліксіз табиғи жарықтандырылу жасанды жарықтандырылумен толықтырлатын жарықтандыру.
Б і р л е с т і р і л г е н ж а р ы қ т а н д ы р у – нормалар бойынша жеткіліксіз табиғи жарықтандырылу жасанды жарықтандырылумен толықтырлатын жарықтандыру.
Табиғи және бірлестірілген жарықтандыруды нормалау көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Құрылыстық нормалар және ережелермен жоғары, жоғары және бүйірлік немесе бүйірлік жарықтандыруларға жеке-жеке нормалау қарастырылады. Бұл бүйірлік жарықтандыруды қолдану кезіндегі жарықтандырудың аса біркелкі еместігімен түсіндіріледі. Жоғары немесе үйлестірілген жарықпен жарықтандырылуда жарықтандырыудың біркелкілігі жеткілікті болады.