Жеке тапсырма:«Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер. Этилен»
Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында көрсетілген жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық бойынша екі маңызды құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда, ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ («Біріккен химия компаниясы» ЖШС), Borealis аустриялық компаниясы Атырау облысындағы полиэтилен өндіру жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі талаптары туралы келісімге (TermSheet) қол қойды. Қол қойылған келісім мемлекеттік қолдаудың шаралар пакетін бекітіп, жобалау сатысына көшуді негіздейді. Айта кеткен жөн, Borealis әлемдегі үздік-4 полиэтилен ірі өндіруші компаниялардың құрамына кіреді. Ең жоғары технологиялы және жоғары маржиналдық компания. Borealis компаниясының акционерлері: Mubadala (БАӘ) – 64% және OMV (Аустрия) – 36%.
Жобаға айрықша көңіл бөліп отырғаны – аустриялық «Borealis» компаниясы. Аустрия Қазақстанның жетекші сауда әріптестерінің қатарына кіреді. Өз кезегінде, Қазақстан ТМД елдері арасында Австрия үшін екінші сауда әріптесі санатында екен. «Kazakh Invest» басшысы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстан Республикасындағы Аустрия елшілігінің сауда кеңесшісі Рудольф Таллермен кездесіп, инвестициялық ынтымақтастықты кеңінен талқылады.
Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер (гр. Πολύ - көп, μέρος - бөлік, бөлігі) - молекула құрамында өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған жүздеген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы.
Жоғары молекулалы қосылыстар көбіне молекулалары көп қайталанып отыратын мономерлер тізбегінен тұрады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы - полиэтилен, оның мономері — этилен. Жоғары молекулалы қосылыстар табиғи (ақуыздар, нуклеин қышқылдары, табиғи шайырлар), жасанды (табиғи полимерді химикалық реактивтермен әрекеттестіру кезінде алынатын), синтетикалық (полиэтилен, полипропилен, полистирол, полиамид, фенолды шайыр, т.б.) болып үш топқа бөлінеді. Табиғи жоғары молекулалы қосылыстар Биосинтез барысында тірі организм клеткаларында түзіледі. Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар мономерлерді поликонденсациялау, полимерлеу арқылы алынады. Олардың тізбектері ашық, бірінен соң бірі түзу сызық бойымен орналасқан мономер бөліктерінен, тарамдалған немесе тор тәрізді Жоғары молекулалардан құралған (қ. Полимерлер). Жоғары молекулалы қосылыстар машина жасауда, құрылыста, ауыл шаруашылығында, электртехникада, медицинада, т.б. көптеген салаларда кеңінен қолданылады.