Өндірістік тәжірибе Есебі



бет6/16
Дата11.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#99236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Тәжірибе ЖАНИБЕК посл

2.1 «SQL» бағдарламалау тілі

Ж алпы мәлімет

SQL (ˈɛsˈkjuˈɛl; ағылш. structured query language - " құрылымдық сұрау тілі ") - тиісті мәліметтер базасын басқару жүйесімен басқарылатын реляциялық деректер базасында мәліметтерді құру, түрлендіру және басқару үшін қолданылатын декларативті бағдарламалау тілі. Амалдарды орындауға SQL (Structured

Query Language) құрылымдық сұраныс тілінің құралдары қолданылады. Delphi қосымшаларында BDE механизмін қолдану барысында мәліметтер жиыны ретінде SQL-сұранысты орындауды беретін Query немесе StoredProc компоненттері қолданылады. SQL құралдарын жергілікті және қашықтағы мәліметтер қорымен амалдар орындауға қолдануға болады.

Программалаудың процедуралық тілінен айырмашылығы: есептеу процестерін басқару инструкциясы (циклдер, тармақталу, басқа операторға өту) және енгізу/шығару құралдары жоқ.

Microsift Access, Visual FoxPro немесе Paradox сияқты МҚБЖ, SQL-де сұраныстарды программалаумен байланысты әрекеттерді өздері орындайды, мысалы Query By Example (QBE) – үлгі бойынша сұраныс, пайдаланушыға сұранысты визуальды құру құралдарын білдіреді.

SQL бастапқыда пайдаланушының дерекқормен жұмыс істеуінің негізгі тәсілі болды және келесі операцияларды орындауға мүмкіндік берді:



  • деректер базасында жаңа кесте құру;

  • кестеге жаңа жазбалар қосу;

  • жазбаларды өзгерту;

  • жазбаларды жою;

  • бір немесе бірнеше кестелерден жазбаларды іріктеу (берілген шартқа сәйкес);

  • кесте құрылымын өзгерту.

Уақыт өте келе SQL күрделене түсті — жаңа құрылымдармен байытылды, жаңа сақталған нысандарды (мысалы, индекстер, көріністер, триггерлер және сақталған процедуралар) сипаттауға және басқаруға мүмкіндік берді және бағдарламалау тілдеріне тән белгілерді ала бастады.

Барлық өзгерістермен SQL қолданбалы бағдарламалық жасақтаманың мәліметтер базасымен өзара әрекеттесуінің ең көп таралған лингвистикалық құралы болып қала береді. Сонымен қатар, қазіргі заманғы ДҚБЖ, сондай-ақ ДҚБЖ пайдаланатын ақпараттық жүйелер қолданушыға көрнекі сұраныстарды құрудың дамыған құралдарын ұсынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет