Сабақ жоспары Тақырыбы: «Тармақталу алгоритмі»



Дата21.04.2017
өлшемі72 Kb.
түріСабақ
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

Сабақ жоспары

Тақырыбы: «Тармақталу алгоритмі»

Орындаған: Құмашева Ж.С.

3 – инфо – 1 тобы

Тексерген: № 16 қазақ орта мектебінің

информатика мұғалімі:

Сейтказина Н.Ж.



Әдіскер: Кенжегарева А.С.



Өскемен, 2013 ж



Күні: 14.11.13 ж

Сыныбы: 8 «М 1»

Сабақтың тақырыбы: «Тармақталу алгоритмі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тармақталу алгоритм түсінігімен таныстыру, алгоритм құруды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, компьютерлік сауаттылығын, сабаққа қызығушылығын, тапқырлығын, біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: слайдтық презентация, қима-қағаздар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:

  • Оқушылармен сәлемдесу.

  • Түгендеу.

  • Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Қима – қағаздар тарату.



ІІІ.Жаңа сабақ:

Күнделікті өмірде жиі кездесетін алгоритмдердің бір түріне есептегі белгілі бір шарттың орындалуына не орындалмауына байланысты командалар тізбегінің бірнеше тармақтарға бөлінетін тобы жатады.Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм бір тармақпен, ал орындалмаса екінші тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мүндай алгоритмдерде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе, бітті түйінді сөздері пайдаланылады.

Орындалу тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау» (толымды) және «аттап өту» (толымсыз болып екі түрге бөлінеді. Тармақталу алгоритмі схемасының бұл түріне міндетті түрде шартты тексеру блогы кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен бір енгізу және екі шығару сызығы арқылы байланысады. Алгоритмді атқару үшін алдымен тармақталу командасының шарты тексеріледі. Шарт орындалған жағдайда онда және әйтпесе түйінді сөздерінің арасындағы 1-серия командалары орындалады. Ал шарт орындалмаған жағдайда әйтпесе және бітті түйінді сөздерінің арасындағы 2-серия комндалары орындалады. Тармақталу алгоритмдерінің толымды түрі екі серияның бірін ғана таңдауды жүзеге асырады, мұнда берілген шарт тексеріледі, егер ол шарт орындалса (егер ақиқат болса, орындалуы анық), онда 1-серия жүзеге асырылып, содан кейін келесі амалдарға көшеді. Ал егерде, шарт орындалмаса, яғни оның орындалу мүмкіндігі жалған болса, онда 2-серия атқарылып, содан кейін ғана алгоритм әрі қарай орындалады.

Сонымен шарттың ақиқат немесе жалған болуына байланысты 1-серия немесе 2-серия орындалады.

Ал енді жазылуы мен блок – схемасын жазайық:

егер шарт

онда 1-серия

әйтпесе 2-серия

бітті

ТОЛЫМДЫ ТҮРДЕГІ ТАРМАҚТАЛУ КОМАНДАСЫ



егер шарт

онда серия иә

бітті

жоқ


ТОЛЫМСЫЗ ТҮРДЕГІ ТАРМАҚТАЛУ КОМАНДАСЫ

1-мысал:

Мал азықтандыру алгоритмі берілген, алгоритмнің блок-схемасын құр.



алг мал азықтандыру (а, b нақ. мax)

арг а, b



басы

егер күн ашық болса

онда малды жайылымға жай

әйтпесе малға қорада жемшөп бер

бітті

соңы

Блок – схемасы:




Күн ашық болса

иә жоқ



Малды жайылымға шығар

Малға қорада жемшөп бер


IV.Бекіту:

  1. Екі санның үлкенін анықтау берілген алгоритмнің блок схемасын құрыңыз:

алг екі санның үлкенін анықтау (нақ а, b)

арг а, b

нәт мах

басы

егер а> b

онда max:= a

әйтпесе max:=b

бітті

соңы

Блок – схемасы:




  1. Блок – схема бойынша алгоритм жаз:

y=



жоқ иә

Жазылуы:

алг есеп 1

арг (х, у)

нәт у

басы

егер х≥0

онда у=

әйтпесе у=

бітті

соңы

V.Қорытынды:

  1. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?

  2. Тармақталу алгоритмінде қандай түйінді сөздер қолданылады?

  3. Шартты тексеру блогында қандай геометриялық фигура қолданылады?

  4. Тармақталу алгоритмі қандай екі түрге бөлінеді?

VI.Бағалау:
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет