Өнер-философиясы



бет2/3
Дата08.04.2023
өлшемі57,62 Kb.
#174024
1   2   3
Байланысты:
Өнер философиясы
Program of complex exam

«Калокагатия» термині грек тіліндегі екі сөздің қосындысынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді. Грек мәдениетіндегі калокагатия мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да, бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық тәрбиемен қатар музыкалық тәрбиеге де көңіл бөлінген. Яғни, риторика (шешендік өнер), грамматика, тарих, поэзия және т.с.с. басты назар аударылған. Эстетикаға «калокагатия» ұғымын енгізген Сократ дана болатын. Шынайы сұлулық ізгі сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл Еуропалық эстетиканың орталық принципіне айналып кетті.

  • «Калокагатия» термині грек тіліндегі екі сөздің қосындысынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді. Грек мәдениетіндегі калокагатия мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да, бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық тәрбиемен қатар музыкалық тәрбиеге де көңіл бөлінген. Яғни, риторика (шешендік өнер), грамматика, тарих, поэзия және т.с.с. басты назар аударылған. Эстетикаға «калокагатия» ұғымын енгізген Сократ дана болатын. Шынайы сұлулық ізгі сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл Еуропалық эстетиканың орталық принципіне айналып кетті.

Араб-мұсылмандық эстетика.

  • Араб-мұсылман эстетикасы — мұсылман әлемі ойшылдарының орта ғасырлардағы араб тілінде жазған еңбектері арқылы қалыптасқан эстетикалық талғамдар мен талаптар жүйесі, адамзат өркениеті тарихындағы Ислам Ренессансы деп аталатын мәдени өрлеу кезеңінің жемісі. Бұл құбылыстың ілімдік негіздерін жасаушылар қатарында Шығыс перипатетикасының (қ. Перипатеттер мектебі) өкілдері (әл-Фараби, 870 — 950, ибн Сина, 980 — 1037, ибн Рушд, 1126 — 98) тұр. Олар Аристотельдің “Поэтикасына” сүйене отырып, поэтикалық тілді, оның ақиқаттығы не жалғандығына қарамастан, эмоциялық оң және теріс әсерлер туғызатын құрал ретінде қарастырды. Бұл ғұламалар көркем шығармашылықты көне грек тіліндегі “мимесис” (еліктеу) ұғымы арқылы түсіндірді. Көркем шығарма жасаушы табиғатқа еліктеу арқылы қабылдаған бейнесін қиял дүниесімен ұштастырады деп білді. Сопылық бағыт ықпалындағы ойшылдар поэтикалық құбылтулар мен жасампаздық бағытын ұстанды. Араб-мұсылман эстетикасына тән негізгі ұғымдардың бірі — адаб. Ол антик. білімділік принципімен қоса кейінгі гуманизм идеясын да өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, адабтың эстетикалық мазмұны айқын — ол жоғары құндылықты білдіреді. Әдемілік пен әсемдік — кемел адамды тәрбиелеу мақсатымен тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет