«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
___________ Е.Е. Сабитов
«_____»____________ 2020 ж.
ТАПСЫРМА №362 Құрылыс өндірісінің технологиясы пәні бойынша курстық жоба Үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу технологиясы СТУДЕНТОмирбаев Шернияз ТОПРПЗС-35 Жоба (жұмыс) тақырыбы: Құрылыс құрылымдарын құрастыру.
Бастапқы мәндер: см. Темірбетон конструкцияларынан құрылған бір қабатты өндірістік ғимараттардың берілген мәні.
Нұсқа (Сынақ кітапшасының номерімен)__________________________
Тапсырма берілген күні 23.01.2020_______ Жоба (жұмысты) қорғау күні 27.04.2020________
Жоба (жұмыс) жетекшісі_____________Т.О. Жунисов.
Тапсырманы орындауға алды _________________________________________________
(Күні, айы, жылы, студенттің қолы)
Құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін есептеу..................
Машина уақыты мен еңбек шығындарының калькуляциясын жасау....................................................................................................
Құрастырғыш және ұстағыш құрылғыларды таңдау....................
Құрастырғыш механизмдердің техникалық параметрлерін есептеу...............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................
Кіріспе
Құрылымдарды жинақтау – үймереттер мен ғимараттарды дайын түзілістерден немесе олардың зауытта жасалған элементтерінен механикаланған құрастырудың индустриалды кешенді процесі.
Құрылымдарды жинақтау жай процестер мен операциялардан тұратын кешенді процесс болады, олар өз кезегімен үш топқа бөлінеді: тасымалдау, дайындау және жинақтаудың өзі.
Бірқабатты өнеркәсіптік үймереттердің құрамалы құрылымдарын орнату әдістері құрастыру жұмысының көлеміне, көлемдік- жоспарлы және құрылымдық шешімдерге, құрастыру мерзіміне, қолда бар құрастырушы механизмдер паркінің мүмкіндігіне қарай таңдап алынады.
Құрамалы құрылымдарды құрастыру тәсілдері көтергіш-құрастыру қондырғыларының қолданылуына, көтерер алдында құрамалы бөлшектердің немесе блоктардың жобаға сай орналастыруына, құрастыру процестерін дамыту бағытына, төмен жатқан тірек құралымдарының бағыттау, орналастыру әдістеріне қарай белгіленеді. Барлық жағдайда да кез-келген тәсілді қолдану барысында құралымдар дәлме-дәл орнатылып, үймереттердің беріктігі толық қамтамасыз етілуі қажет.
Әдетте құрамалы құралымдардан бірқабатты өнеркәсіп үймереттерін салғанда құрастырудың крандық әдісі қолданылады. Жекелеген қосымша элементтер немесе ірілендірілетін стендтен жобадағы құрылыс орнына бірден кранмен беріледі. Бірқабатты өнеркәсіп үймереттерін салуда көбінесе жыланбауыр табанды жүк көтергіштік қабілеті 10-63 тонналық өзі жүретін жебелі крандар қолданылады.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты студентті үймереттер мен ғимараттар құрылысын жүзеге асыру үшін құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің жобаларын жасау әдістемесіне үйрету болып табылады. Сондай-ақ үймереттің жерүсті бөлігінің жүк көтергіштерін және қоршау құралымдарын құрастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасын жасағанда оқулықтар, анықтамалар және мөлшерлік құжаттармен дербес жұмыс жүргізу.
Құралымдарды құрастыру процесін ұйымдастыру мәселелерінде әртүрлі көптеген сапалы шешімдер болады. Сондықтан құралымдарды құрастырудың негізгі вариантын таңдауды жұмыс өндірісінің бірнеше варианттарын техника-экономикалық салыстыру негізінде жасау және олардың ең жақсысын таңдап алу керек. Курстық жобаны орындау барысында құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйену ұсынылады.