БАҚ өкілі: Білім туралы, ардақты ұстазымыз, сіз не айтасыз? Қазіргі оқушылардың білім деңгейіне көңіліңіз толады ма?
(Ұстаз өз ойын айтады)
БАҚ өкілі: Білім туралы дінде не айтылады?
Дін өкілі: ҮІІ ғасырда өмір сүрген мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әзірет Әлінің ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған 10 адамды кезекпен жібермек болған, олардың бәрі Әзірет Әліге «Білім артық па, байлық артық па? »- деген сауал қоятын болып келісті. Егер осы сұраққа жауап берсе ғана, Әзірет Әліні мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлінің берген жауабы:
- Білім артық, өйткені ол Пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – бақылдардан қалған мұра.
- Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан білім артық.
- Білім артық оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрыдан күнде қорғау керек.
- Білімің көп болса сені құрметтейді, бай болсаң сені қызғанады.
- Білімің көп болса да іріп - шіріп бүлінбейді, ал дүние болса бүлінеді.
- Білім артық ол жаныңды байытады, ал байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.
Білімнің артықшылығын бұдан артық дәлелдену қиын. «Білім өмірде - таяныш, жолда - дос, жалғыздықта - жолдас, қуанышта – бастаушы, қайғыда – медет, күресте – құрал, зұлымдыққа қарсы айла» деп діни хадистерде бекерге айтылмаған.
БАҚ өкілі: екінші бағыттағы жұмыстар жайлы сөз етсеңіздер?
Тәртіп секторы: Халқымыз өскелең ұрпақ тәрбиесінде ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мұралар сабақтастығын сақтауды мақсат тұтқан. Қазақ зиялыларының бірі Міржақып Дулатов: «Мектептің мақсаты – құрғақ білім үйрету ғана емес, біліммен бірге тәрбиені қоса беру»,– деп жазады.
Ата-анамыз бен ұстаздарымыздың еңбегін еш етпеуіміз керек: оқушы ережесін қатаң сақтауымыз керек.
Жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуымыз керек
Қазақ халқының мәдениеттілігін, көрегендігін әлемге паш етуіміз керек.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің сөзінде қаншалықты ұлттық тәрбие, болашақты болжаған көрегенділік жатыр. Ұлт боламыз десек, тәрбие ана сүтімен беріліп, ана тілімізбен қалыптасып, тал бесіктен сіңірілуі шарт. Олай болмаса, қаһарман атамыз Бауыржан Момышұлы айтқан дүдамал ұрпақ өсіп шығады. «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндер азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын...» деген екен батыр атамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |