Кіріспе
10 мин
Негізгі бөлім
25 мин
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
Бұл кезеңде Әнұран орындалады, қазақ халқының символы болатын ұлттық брендтер әкелінеді, қазақша би биленеді.
Мұғалім: «Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың.
Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында,
Ізденіңдер, білім алу жолында.
Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін - әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады.
Көп адам өзінің не тындырып жүргенін, өзінің ақыл – қабілетінің қай деңгейде екенін біледі. Көп білген сайын адам білім – танымға тойымсыз келеді. Мұхаммед пайғамбар мен дана Шәкәрімді тау - тас кездіріп ойландырған – сол білім – танымға асықтық. Осыған керісінше ,кейбір адам аз білген сайын, өзіне - өзі риза болады, көңілге тоқ келеді.
Білім де талпынсаң қонады. «Ит маржанды не қылсын» деген ұлы Абай. Ал тереңге бойлау үшін талап керек.
Бүгін біз 9а-сыныбының топ басшысы, яғни Президенті ұсынған 2017-жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын талқылап, басылым шығармақпыз. Ол үшін бізге БАҚ өкілдері және Президентіміздің жолдауына өз пікірлерін білдіру үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса біз пресс-конференциямызды бастаймыз.
Сыныптың топ басшысы – Президент: Саламатсыздар ма, құрметті жолдастар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін 9а-сынып – 2017: Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында даму стратегиялық жоспарымды ұсынамын. Неге мен 2017-жылды алдым? Себебі, дәл осы жылы Қазақстан үшін алтын тарих беттері ашылмақ. Осы жылы бүкіләлемдік ЕКСПО-2017 көрмесі Астанада өтеді. Тақырыбы да үлкен ізденіс пен білімді қажет ететін «Болашақ энергиясы» тақырыбы. Қазақстанға 100-ден аса қатысушы мемлекеттерден 5млн-дай қонақ келеді екен. Сол қонақтарға қазақ жастарының білімділігі мен мәдениеттілігін, көрегнділігін паш етуіміз керек. Құдай қаласа, біздер ол кезде студенттер болады екенбіз. Сол мақсатымызға жету үшін біз үш бағытта өз-өзімізді қарқынды дамытуымыз керек:
Сапалы білім
Саналы тәрбие
Қажырлы еңбек
Енді осы үш бағытта даму нәтижесінде өзіміз қалаған мамандықты игеру үшін грант иегері-студент атанамыз, әрі еліміздің болашағына өз үлесімізді қосамыз. Әрбір бағыттағы жасалатын жұмыстар жайлы менің көмекшілерім сөз алады.
Оқу секторы:
Ана тілімізді терең меңгеріп, әдебиетін, тіл мәдениеті мен байлығын игеруіміз керек.
Өз еліміздің салт-дәстүрін сақтауымыз керек
«Жеті жұрттың тілін біл» дегендей орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруіміз керек
«Жеті түрлі білім біл» деп мектептегі оқытылатын пәндерді жетік меңгеріп, өз дүниетанымымызды кеңейтуіміз керек.
|