Онкологиялық ауруларда диагностикалық және скринингтік зерттеулер
СКРИНИНГ – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатысында анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың алдын алу
Онкологиялық скринингтің мақсаты – халықтың өлім көрсеткішін азайту
Скрининг әдісі – қауіп-қатер тобын қалыптастру арқылы диагностикалық қаралуға жататын науқастарды таңдау,іріктеу.
Нәтижелері – қатерлі ісікті клиникалық симптомдары пайда болғанша анықтау.
Біріншілік профилактика
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Қоршаған ортадағы канцерогендерді жою
Екіншілік профилактика
Ісікалды ауруларын емдеу
Скрининг және ерте анықтау
Үшіншілік профилактика
Онкологиялық науқастарды диспансерлік бақылау ж/е қайталанудың алдын - алу
Емделген науқастарда аурудың қайта пайда болуын ескерту
Скринингтік тексерілу кезеңдері
А) Дайындық кезеңі.
Мақсатты топтарды қалыптастыру, ақпараттық қолдау, мекенжайы бойынша шақыртуды, электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып скринингке шақыру
Б) Скринингтің жүргізілуі.
Бұған амбулаторлық пациенттің профилактикалық медициналық тексерісінің (скринингінің) статистикалық картасының толтырылуы (бұдан әрі –025-08Доп/у формасы) және бауыр обырына скринингтік тексерістен өткен науқастың 30-1/ формасын толтыруы; скрининг-тестің жүргізілуі; зертханалық және аспаптық зерттеулердің жүргізілуі енгізілген.
В) Қорытынды сатысы.
Тоқ және тік ішек ісігі және ісікалды ауруларды ерте анықтау скринингін өткізу алгоритмі :
1)Мақсатты топтағы әйелдер мен ерлер: 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62,64, 66, 68, 70 жастағы полипоз тоқ және тік ішек қатерлі ісігі бойынша есепке тұрмайтындар
2) орта медициналық қызметкермен БМСКК дәрігерге дейінгі кабинет және БМСКК ұйымының әлеуметтік – психолгиялық көмегі бөлімшесінде жүргізіледі:
3)Скринигті қарауға дайындық сатысында мақсатты топтағы науқастарға скрининг өту кезінде, менструация кезеңінде, қан ағыштық геморройда, зәрде қан болғанда скринингті жүргізуге болмайтынын ескертіледі.
4) 025-08/е формасы толтырылады:
5) Скрининг тест сауалнамасы жүргізіледі (27, 28 пункті 02508/у формасы )
6)Гемокульт-тест нәтижесі жүргізіледі және бағаланады (оң,теріс);
Әлеуметтік психологиялық және профилактикалық көмек кабинетінің дәрігері :
Нәжістегі жасырын қанға тексеру тесті нәтижесі теріс болған жағдайда науқасқа гемокульт-тестті 2 жылдан кейін өтуге кеңес береді;
Нәжісті жасырын қанға тексеру тесті оң болған жағдайда науқасты аудандық, қалалық емхананың хирургпроктологына екінші кезеңмен ары қарай тексерілуге жолдайды ;
Науқасқа зерттеу алдында міндетті түрде тазалау клизмасын жасау нұсқалады.
Аудандық және қалалық емхананың хирург/проктологы:
зерттеу нәтижесі бойынша егер көрсеткіштер (ісікке күдік немесе ісік анықталса) болса, фиборколоноскопияға ісіктің орналасуын анықтау және гистологиялық верификацияны анықтау үшін жолдайды;
Колоректальды қатерлі ісік анықталған адамдарды емдеу мен диспансерлік есеп үшін онкологиялық диспансерге жібереді ;
Облигатты және факультативті тоқ, тік ішек қатерлі ісік алды ауруды анықтағанда науқасты емдеу және бақылау үшін колопроктолог пен гастроэнтерологқа жібереді;
Гемокульт -тест оң болған жағдайда себебін анықтау үшін ары қарай тексеруге жіберіледі;
Соңғы нәтижені БМСКК /профилактикалық және әлеуметтікпсихологиялық бөлімше дәрігеріне жолдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |