зерттеу нәтижесі бойынша егер көрсеткіштер (ісікке күдік немесе ісік анықталса) болса, фиборколоноскопияға ісіктің орналасуын анықтау және гистологиялық верификацияны анықтау үшін жолдайды;
Колоректальды қатерлі ісік анықталған адамдарды емдеу мен диспансерлік есеп үшін онкологиялық диспансерге жібереді ;
Облигатты және факультативті тоқ, тік ішек қатерлі ісік алды ауруды анықтағанда науқасты емдеу және бақылау үшін колопроктолог пен гастроэнтерологқа жібереді;
Гемокульт -тест оң болған жағдайда себебін анықтау үшін ары қарай тексеруге жіберіледі;
Соңғы нәтижені БМСКК /профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық бөлімше дәрігеріне жолдайды.
жалпы простатқа қанның иммунды химиялық талдамасы (ИХТ) – ерекше антиген (ПСА);
нақтылаушы диагностика (урологтың тексеруі, саусақпен тік ішекті тексеру, көп нүктелі пункциялы биопсия)
Өңеш пен асқазанға мақсатты топтың барлығы үшін міндетті болып табылатын эндоскопиялық зерттеу жүргізу.
өңеш пен асқазан шырышты қабығында патологиялық өзгерістер анықталған жағдайда көрсеткіштер бойынша жүргізілетін өңеш пен асқазан шырышты қабығының потологиялық аймақтары биопсиясы.
Бауыр обырын ерте анықтау скринингі
Мақсатты топ: вирусқа қарсы терапияда жатқан және вирусқа қарсы терапияның тиімділігіне баға алынбаған тұлғалардан басқа вирусты және вирусты емес этиологиясының бауыр циррозы бойынша диспансерлік есепте тұрған ерлер мен әйелдер.