Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет12/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
б) аталық немесе аналық ұрық бездеріне әсерінен – ұрық 
жасушаларының мутацияға түсуі, одан іштен туатын ке--
містіктер мен ісіктердің артуы. Іштей әсері: радиациалық 
заттың денеге еніп, іштен берілуінен ісік пен кемістіктердің 
пайда болуы. Peller «қатерлі ісіктердің жатыр ішіндегі ин--
дукциясы» атты гипотезасында – ісік пренатальды канцеро--
генезден туады, анықтап айтқанда ісік жасушалары балаға 
плацента арқылы анасының қанынан өтеді. Шақалақтың 
(плод) қан айналу ерекшелігін еске түсіретін болсақ, 
дененің жоғарғы бөлігі оттегімен жақсы қамтамасыз етілген 
артериалық қан алатындықтан, осы бөліктегі ағзаларда ісік 
көбірек кездесетіндігі тегін емес. 
Сонымен, қатерлі ісік дегеніміз - жасуша геномының 
өзгерісінен пайда болатын айрықша өсінді. 
(Адамның әрбір 
жасушасындағы геномда – сол организм туралы толық 
ұрықтық ақпарат сақталған. Геном - шамамен 30 000 ген--
нен және 3,5 млрд нуклеотидтен тұрады (Адам геномының 
құрылысы 2001 жылы ашылды)). 
Еліміздегі балалар онкологиясының жағдайы
Бала онкологиясы – балаларда кездесетін қатерлі ісік 
ауруларымен күресетін ілім. Қатерлі ісікпен күресу қазіргі 
таңдағы медицина саласының ең бір күрделі мәселелелерінің 
бірі. 
Балалардағы қатерлі ісіктердің кездесу жиілігі әр елде 
олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты 
әртүрлі болып келеді. Мысалыға: Швеция, Норвегия, Да--
ния, Финляндия мен АҚШ-та балалар қатерлі ісіктерінің 
кездесуі 100 000 балаға шаққанда 15 –16 балада кездессе; 
Ресейде -10,5; ал біздің елімізде – 7,8 балада кездесті. 
Балалардағы қатерлі ісіктердің кездесу жиіліктерін 
жас аралығымен көрсетер болсақ:
0 - 4 жас аралығында – бауыр мен жұмсақ тіннен 



21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет