БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ Ісікті емдеу тәсілдері Қазіргі таңда ісік ауруларында кешенді қолданылған
емдердің көмегі орасан. Соның ішінде, мидың ісіктерін--
де – емді хирургиялық әдістен бастағаны дұрыс. Науқасқа
уақытысында жасалған радикалды операция көп көмек
береді. Соңғы уақытта нейрохирургтер лазерлік және
ультрадыбыстық техника көмектерімен ісікті барын--
ша толық алуға тырысуда, әрі оған қол жеткізілуде. А.Н.
Коноваловтың айтуынша: әлем ғалымдары көптеген жеті--
стіктерге жетті, бүгінге дейін алынбайды делінген (мысалы:
ми дінгегінің ісіктері т.б) мидың кейбір ісіктері алына ба--
стады. Осындай 120 науқасқа операция амалы жасалынды
(олардың 70% – 16 жасқа дейінгі балалар болатын),- дейді.
Бірақ, ісіктердің өмірге аса қауіп тудыратын орталықтарда
орналасуы хирургиялық емнің шектелуіне әкеледі. Сонымен
қатар, соңғы техникамен жабдықталған нейрохирургиялық
орталықтардың болмауынан көп жағдайда, ісікті толық – ра--
дикалды түрде алып тастау мүмкін емес. Мұндай кезде, пол--
лиативті операция түрлері: ісіктің жартысын, болмаса – 1/3,
1/4 кесіп алу, немесе бас сүйек іші қысымының мөлшерін
төмендету жағдайында қолданылатын трепонация, «шунт
– дренаж» қою операциялары: вентрикулоатрио-стомия,
вентрикулоперитоностомия жасалынады.
Бас ми ісіктері сәуле еміне (СТ- сәулелік терапия) се--
зімтал, көнгіш (радиочувствительный) келеді. Сондықтан,
ісікті хирургиялық жолмен толық алып тастағаннан соң
ісік орнына, немесе қалған ісікке, сонымен бірге, опера--
ция жасауға келмеген жағдайда да ісікке сәуле емі беріледі.
Ондағы мақсат:
1. ісік мөлшерін кішірейтіп, оның өсуін тоқтату.
2. баланың жалпы халін көтеру, яғни ісік тудыратын бел--
гілерді жою.
Ісікке сәуле терапиясын жоспарлаған жағдайда, оның