Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
гі белгілердің бірі. Құсу белгісі әсіресе субтенториалды
(мишық пен ІY қарынша) ісіктерінде көбірек байқалады.
Себебі, сопақша мидағы құсу орталығының тез тітіркенуі--
нен, яғни оған ісіктердің жақын орналасуынан болса керек.
Бірақ, бастың басқа бөліктерінде орналасқан ісіктерде де ми
қабығының тітіркенуінен немесе БІҚ көтерілуінен – құсу
белгісі рефлекторлы түрде де болатынын білгеніміз жөн.
Көз түбінің «емізіктелуі»
(зрительные соски) – әсіресе
шүйде бөліктерінде орналасатын ісіктерде анағырақ бо--
лады, 70% дейін кездеседі және екі жақты да болуы
мүмкін. Бұл белгі барлық кезде БІҚ көтерілуімен қатар
жүреді. Соңғы белгінің әсерінен, сильвиев су жолдары
қысылып, ликвор айналысының бұзылуына – су миға апа--
руынан, көздің түбінде емізіктену белгісі пайда болып,
көздің көруі- қырағылығының төмендеуіне, тез арада көз
нервінің екіншілік атрофиясына әкелуі, науқастың толық
көрмей қалуына алып келеді. Сонымен қатар, көздің торлы
қабатында қанағу үрдістері де көрінуі мүмкін. Бұл белгілер
ісіктің клиникалық көрінісінің тез дамуына, яғни бастың
ішіндегі қысымының жоғарылауына, мидың ісінуіне және
психикалық бұзылыстарға әкеледі.
Психикалық өзгерістер
– балаларда үлкендерге
қарағанда сирек кездесетін белгілерге жатады. Соған
қарамай, негізінен балалардың дұрыс сөйлей алмауымен,
ұмытшақ болуымен байқалады. Сонымен қатар, науқас
ұйқышыл, тез шаршағыш, жылағыш (көңіліне алғыш – тез
тітіркенуші), жатаған келуі және ұйқы кезінде шошып оя--
нуы, эпилепсияға ұқсас ұстамалардың кездесуі т.б. белгілер
байқалуы мүмкін.
Тыныс алу және пульс.
Балалардағы ми ісіктерінің
көбісі шүйде бөлігінде орналасқандықтан, олардың
көлемінің өсуінен міндетті түрде сопақша ми қызметіне
әсерін тигізеді. Сондықтан, балаларда өтпелі, ұстамалы
|