Онкологиясы


Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері



Pdf көрінісі
бет31/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
І. Супратенториалды анатомиялық аймаққа: мидың 
екі жарты шар бөліктері (маңдай, төбе, самай және мидың 
артқы бөлігі), диэнцефалон (гипоталамус, құйрықты ядро, 
таламус және хиазма бөлігі) және томпақ безі мен қарынша 
аймағының артқы үштен бірі жатады. Бұл аймақтағы ісік--
терге негізінен нейроэктодермальді ісіктер – глиобласто--
малар, олигодендроглиома, герминогенді ісіктер, хиазма 
орталығының ісіктері, краниофарингиома, томпақ безі мен 
эмбрионалды ісіктер, ІІІ қарынша ісігі мен қоса қатерлі 
астроцитомалар кіреді.
4- кесте. Балаларда жиі кездесетін мидың ісіктері
Супратенториалды ісіктер
40-45 % 
Астроцитома
23%
Қатерлі глиомалар (анапластикалық астроци--
тома, Мультиформалы глиобластома) 
6 %
Краниофарингиома 
6 %
Эмбрионалды ісіктер
4 %
Томпақ (домалақ) безі аймағының ісігі
4 %
Эпендимома
3 %
Олигодендроглиома
2 % 
Суб(инфра)тенториалды ісіктер
55-60 %
Медуллобластома
20 %
Астроцитома
15 % 
Ми діңгегінің глиомасы
10 %
Эпендимома
6 % 
ІІ. Балалардағы ми ісіктерінің 55-60% жуығы суб(ин--
фра)тенториалды аймақта, яғни бастың артқы шұңқырында 
– шүйде бөлігінде орналасады. Ісік негізінен мишықтан 
және оның құрт бөлігінен шығады.


48
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Баланың анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне және 
ОЖЖ компенсаторлық қасиетінің жоғары болуына байланы--
сты сәби балаларда ісік әбден ұлғайып, ІΥ қарынша қуысына 
қарай өскенше білінбеуі мүмкін. Ал қарыншалардағы ісік 
эпендимадан шығуы мүмкін. Бұл аймақтағы ісіктерге: ме--
дуллобластома, астроцитома және ми діңгегінің ісігі мен 
эпендимомалар жатады. Астроцитомалардың 65% жуығы 
қатерсіз болады. Бұл ісіктердің ерекшелігі, олардың қан 
мен лимфа жүйесі арқылы метастаз ошағын бермеуі. Ісіктің 
жайылуы ми қабықтары мен ликвор жолдары арқылы 
жүреді. Ал медуллобластома, герминогенді ісіктер және 
анопластикалық эпендимомалар сүйекке метастаз беруі 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет