Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет30/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
037. Тек қана хирургиялық ем солидты ісіктердің I-II саты--
сында, балалардың қай жас аралығында жасалынады:
1. 1 жасқа дейінгі сәбилерде
2. 5 жасқа дейінгі балаларда
3. барлық кезде кешенді ем түрі қолданылады
4. жасқа қарамайды
038. Қатерсіз ісіктің қатерлі түрге ауысуын білдіретін белгі--
лерді көрсетіңіз:
1. жайыла өсуі
2. метастаз беруі
3. нейротоксинді белгілердің болуы
4. гемморагиялық белгілер
5. бәрі де дұрыс
6. дұрысы 1 мен 2


45
2 – ТАРАУ
ОРТАЛЫҚ ЖүйКЕ ЖүйЕСІНІҢ
( МИДЫҢ) ІСІКТЕРІ
2.1 Мидың ісіктері
2.2 Медуллобластома
2.3 Эпендимома
2.4 Ми діңгегінің глиомасы
2.5 Көру жүйесінің глиомасы
2.6 Астроцитомалар
2.7 Краниофарингиома
2.8 Тест сұрақтары
2.9 Қолданылған әдебиеттер


46
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
МИДЫҢ ІСІКТЕРІ 
Балаларда кездесетін қатерлі ісіктердің ішінде, лейкоз--
дан кейін, кездесу жиілігі жағынан екінші орында тұрған 
ісіктерге – орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ), мидың қатерлі 
ісіктері жатады. Олар, барлық балалар қатерлі ісіктері ішін--
де – 14-20 % дейін орын алады.
Дүниежүзілік ракпен айналысатын агентстваның 
(МАИР) көрсеткіштері бойынша, жылына дүние жүзінде 
– ОЖЖ ісіктерімен 100 000 балаға шаққанда – 0,94-3,12 
дейін бала ауырады және бұл көрсеткіштер жылдан-жылға 
1% өсуде деп, көрсетеді (Linet M.S., 1996). 
Әлем елдері арасындағы ауру жиілігін қарайтын 
болсақ, мысалыға, ең жиі кездесетін елдерге: Германия, 
Швеция, Дания, Жаңа Зеландия, Финляндияда – 3,10-3,37 % 
ooo жатады. Ал, Африка мемлекеттерінде 0,42-0,49 % ooo, 
Қытайда – 1,99 % ooo, Жапонияда – 2,41 % ooo, АҚШ – 2,93 
% ooo кездеседі. Америкадағы ақ нәсілді балалар – қара 
нәсілділерге қарағанда 1,8 есе көп ауырады екен. Ресейде, 
жылына 450 бала ми ісігімен тіркеліп, ауру көрсеткіші – 1,4 
% ooo құрайды. Ал, Қазақстанда бұл көрсеткіш – 0,9% ooo, 
жылына 50-55 бала ісікке шалдығып, барлық балалар ісікте--
рі ішінде 11% құрайды (2003ж). 
Ер балалар – қыз балаларына қарағанда 3:1 есе көп 
ауырады. Ісіктің – 15 % жуығы 2 жасқа дейінгі сәбилерді 
зақымдаса, 30% – 2-5 жас аралығындағы балаларда, тағы 
сол сияқты 30% жуығы 5-10 жасқа дейінгілер мен қалған 
25% жуығы 11-18 жас аралығындағы балаларда кездеседі. 
Олардың шығу орындарына байланысты: ми – су--
пратенториалды және суб (инфра)тенториалды болып екі 
аймаққа бөлінеді.


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет