170
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ВИЛМС ІСІГІ
(Нефробластома)
Балаларда кездесетін барлық
қатерлі ісіктерінің ішін--
де –7% дейін орын алатын бүйректің қатерлі ісігі. Ғылыми
еңбектерде көптеген аттармен жазылған (аденомиосарко--
ма, эмбрионалды аденома, эмбриома, мезобласты нефрома
т.б.) бұл ісікті - клиника-морфологиялық құрылысын алғаш
толық зерттеп ұсынған патологоанатом – ғалым Макс Вилмс
(1899) атымен аталынды. Ісіктің көп атқа ие болу себебі:
оның құрылысын зерттеу үстінде-шар тәрізді саркоматоз--
ды жасушалармен, сопақша
спираль тәрізді жасушаларға
қоса, бездік тоқымалар, бүйрек элементтерінің әр даму
сатыларындағы түрлері; май, кілегей,
шеміршек жасуша--
лармен қатар эмбрионалды дәнекер жасушалар байқалды
/Kіng S.C.,1991/.
Эпидемиологиясы
М. Вилмс – бұл ісіктің дизонтогентикалық сипатта бо--
латынын, өйткені бүйрек ісігінің пісіп жетілген мезодермал--
ды жасушалардан түзелетінін, оғансебеп бүйректің эмбрио--
налды даму кезеңінде бұзылуынан туатынын дәлелдеді.
Бүйрек өзінің эмбрионалдық даму барысында үш са--
тыдан өтеді: 1) пронефрос; 2) мезонефрос, немесе алғашқы
бүйрек; 3) метонефрос, немесе негізгі – ақтық бүйрек.
Негізгі, ақтық бүйрек – метонефрос тұқымының құйрық
жақ бөлігінен (каудальды бөлігі) пайда болатын екі өскіннен:
метанефрогенді бластемадан және Вольф жылғасының бір
шетінің томпайып шығуынан басталады. Метонефрогенді
бластемадан зәрді бөлетін (секреторлы) аппарат, ал Вольф
жылғасынан зәрді ағызып шығаратын (экскреторлы) аппа--
раттар – зәраққыш, астау, тостағаншалар және жинағыш ар--