173
Құрсақ қуысы артында кездесетін қатерлі ісіктер
Ісік бүйректің кез келген бөлігінен, яғни бүйректің
жоғарғы немесе төменгі бөлігінен (полюсінен),
немесе
бүйректің ортаңғы бөлігінен де шығуы мүмкін. Ісік негізі
бүйрек ішінен (интрареналды), тінінен басталады. Бірақ
кейде, ісікті бүйрек қабының сыртынан (экстрареналды),
немесе бүйректен басқа жерде де орналасқанын байқаймыз.
Бұған себеп, бүйректің эмбрионалды даму кезінде: бүйрек –
кіші жамбас қуысынан бастап, көк етке дейінгі аралықта са--
тылап жоғарылап барып, қайтадан негізгі орнына төмендеп
түседі. Міне осы сатылай қозғалу кезінде – сыртқы немесе
ішкі бір себептердің
әсерінен болатын ауытқулардан, сол
көтерілген жерлерінде эмбрионалды (дизонтогенді) бүйрек
тіндері (эктоприованные) қалып қоюы мүмкін. Міне, осы
дизонтогенетикалық тіндер кейіннен ісіктің пайда болуына
арқау болады,– дейді, Конгейм, өзінің ісік туралы теория--
сында.
Сурет – 17. Компьютердегі сол жақ бүйрек ісігінің көрінісі