Онкологиясы


Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері



Pdf көрінісі
бет137/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері
де тамақты дұрыс ішпеуін қоссақ – II-III дәрежедегі айқын 
анорексия науқастардың 8 -10 % кездеседі.
Дене салмағының төмендеуі – қатерлі ісіктердің 
жүйелі түрде метаболизм үрдістеріне әсер етуімен 
жүреді. Трофиканың төмендеуінің объективті белгілері--
не: бұлшық ет жүйесінің атрофиясы, тері және тері асты 
май қабаттарының жұқаруы, тері тығыздығының (тургор) 
жоғалуы жатады. Балалардағы РМС клиникалық көрінісі 
ісіктің дәрежесімен және оның орналасқан-шыққан жеріне 
байланысты анықталады.
Кеуде және қол – аяқ ағзаларының РМС
Кеуде және қол-аяқ ағзаларында, РМС жиі орнала--
сатын жері. Кеуде және қол-аяқ РМС-сы ағымы жайсыз 
түзілістердің тобына жатады, әсіресе III-IV дәрежедегі 
түрлері болса, онда болжамы өте ауыр.
Аурудың бірінші және негізгі белгісі болып, ісіктің 
қолға білініп, көзге көрінуі, немесе тексеру кезінде ісік 
көлемді, біржақты, сопақ немесе домалақ пішінді болып 
байқалуы. Ісік бұлшық ет бойында орналасады және жиі 
оның шекарасы, шеткі қырлары анық болады. Бірақ, кең 
көлемді болып (инфильтрация) етке ене жайылуынан, кейде 
ісік шекараларын толық аңғаруға мүмкіндік тумайды. Ісіктің 
қозғалғыштығы көлденең бағытта ғана, 2 жаққа қарай оңай 
жылжиды да, ал тік бағытта ісік қозғалмайды. Егер, ісіктің 
түйіні (тамыры) терең орналасса, ол сүйекке өсіп кетуі 
мүмкін және қозғалыссыз болады. Сипалау арқылы тексер--
генде көбінесе ісік беті тегіс, ал кейде кедір-бүдірлі де болып 
келеді. Бұл ісіктің орналасу тереңдігіне байланысты. Егер 
ісік терең орналасса оның беті тегіс болады, ал беткей ор--
наласса кедір-бүдірлі болады. Ісік бетіндегі тері өзгермеген, 
ал ісіктің өсуімен, оның бетіндегі тері жұқарып, қою көкшіл 
түске боялады. Ісік теріге өсіп, оның бетіне қанағыш ісік 
массалары – жара түрінде шығуы да мүмкін.


230


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет