225
Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері
нысты және балаларда кездесетін
ісіктердің кең таралған
түрі. Эмбрионалды РМС ішінде миксоидты, шар тәріздес
жасушалармен қатар шоғырланып жиналған әр түрлі жасу--
шалардан тұратын ісктер кездеседі. Ісіктің осы түрінен – бо--
троидты (жүзім тәріздес) деп аталатын түрі ажыратылады.
Сурет -25. Эмбрионалды РМС-ң цитологиялық көрінісі
Негізінен жас балаларда, сәбилерде кездеседі. Орнала--
сатын, шығатын жерлеріне: көз аймағы, бас пен мойын ай--
наласы және зәр шығару ағзалары жатады.
Альвеоларлы РМС жалған безді және жалған альвео--
ларлы құрылымдардың болуымен сипатталады. Сонымен
қатар, ісік жасуша-ларымен қоршалған дәнекер тіндері де
кездеседі.
РМС-ң бұл түрі ересек
балаларда жиірек кездесіп,
ағымы жағынан өте қатерлі, қатты болып келеді. Негіз--
гі шығатын аймақтарына: дене
мен қол-аяқ ағзаларының
жұмсақ тіндері кіреді. Эмбрионалды түріне қарағанда бол--
жамы қиындау.